Педагогикалық шеберлік орталығы

Дискуссионная онлайн - площадка «Эффективное управление изменениями в школе в рамках обновления содержания образования»

2017 жылдың 27 қаңтар күні Қызылорда ХББ НЗМ базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектептегі өзгерістерді тиімді басқару» тақырыбында инновациялық менеджмент бойынша ДИСКУССИЯЛЫҚ ОНЛАЙН-ЖИНАЛЫСЫ өткізілді. Шараның мақсаты Қызылорда облысының әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық мектептермен 2017 жылға бірлескен жұмыс жоспарын талқылау, инновациялық мектептердің магниттік мектептермен жұмысын тиімді ұйымдастыру және инновациялық мектептердің тәжірибесіне қолдау көрсету.

Онлайн кездесуге Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарушы директоры А.А.Казжанова, Тәжірибе тарату департаментінің директоры Г.К.Балғабаева, Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Ж.Н.Абдильдина, Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары А.С.Шилибекова, Білім беру ресурстары орталығының аға менеджері С.Б.Садирбаева, Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджерлері С.К.Ахметбекова, И.И.Ковтун, К.М.Сагинов, Қызылорда облысының білім басқармасы өкілдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің бөлім меңгерушілері, 46 инновациялық мектеп басшылары қатысты.

Онлайн алаңы барысында Г.К.Балғабаева «Меморандум аясында 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарының негізгі бағыттары» тақырыбында, филиал директоры С.Т.Камалова «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында инновациялық мектеп педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету механизмі тақырыптарында негізгі баяндамашылар болса, С.Б.Садирбаева инновациялық мектеп басшыларын «smk.edu.kz» порталындағы жаңадан ашылған «Қызылорда облысының инновациялық мектеп мұғалімдеріне арналған форум» парақшасымен және оның функцияларымен таныстырып өтті. 

Шараға қатысушылармен жүргізілген сұрақ-жауап бөлімінде көпшілік тарапынан қойылған сұрақтар критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісіне енгізудегі қиындықтармен байланысты болды. Бұл сұрақтарға ПӨО директорының орынбасары А.С.Шилибекова нақты жауаптар ұсынды.

Облыстық оқу орталығының директоры С.Қ.Асқаров өз кезегінде тәрбие бағыты бойынша НЗМ тәжірибесіндегі әлеуметтік жобаларды инновациялық мектептерге кеңінен енгізу, «Жазғы лагерь» жобаларына инновациялық мектеп оқушыларын көбірек тарту туралы басқарма «НЗМ» ДББҰ басқармасына өз ұсыныстарын жасады. 

Кездесудің екінші бөлімінде филиал менеджері К.С.Абдраманова инновациялық мектеп тәжірибесіне Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізудің тиімді жолдары туралы таныстырылым жасаса, оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Смағұлова инновациялық мектептерге бекітілген магниттік мектептер желісімен жүргізілген жұмыстардың сапасы мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыс бағыттарымен таныстырып өтті.

Іс-шара жұмысын ХББ НЗМ мектебінің директоры Б.А.Жұматай мен филиал директоры С.Т.Камалова қорытындылады. 

Шараға қатысқан инновациялық мектеп басшылары мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің меңгерушілері бұл жиналыстың магниттік жұмыстармен келешекте атқарылатын жұмыстарды нақтылап алуына және жаңартылған білім бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша көкейлерінде жүрген сауалдардың нақты жауабын алуға ықпалы көп болғандығын айтты.



Возврат к списку