Жаңалықтар

2017 жылдың 25 наурызында Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесіп «Білім мазмұнын жаңарту: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.

2017 жылдың 24 наурызында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы меморандумға сәйкес Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы инновациялық мектептерінің 1-сынып мұғалімдеріне вебинар өткізді.

2017 жылдың 20 және 28 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйысдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ҚР ЖМ ББС-ны апробациялаушы пилоттық мектептер базасында аймақтық семинар өтті.

2017 жылдың 27 қаңтар күні Қызылорда ХББ НЗМ базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектептегі өзгерістерді тиімді басқару» тақырыбында инновациялық менеджмент бойынша ДИСКУССИЯЛЫҚ ОНЛАЙН-ЖИНАЛЫСЫ өткізілді.

2017 жылдың 4 және 11 - ақпанында Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен ОҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ОҚО бойынша Түркістан мен Арыс қалаларында, Сарыағаш, Сайрам, Шардара, Қазығұрт, Ордабасы және Төлеби аудандарында семинар-кеңес өткізілді.

06 қаңтар күні Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №277 орта мектебінің базасында облыстық білім басқармасы және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесе «Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2016 жылдың 11 қараша күні «Қызылорда облысында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі инновациялық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында облыстық іс-шара өтті. Іс-шараға облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К.Н.Шамшидинова, облыстық білім басқармасының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары және мұғалімдері қатысты.