
2017 жылдың 5-сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қаласындағы филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе отрып «Мектептердегі инновациялық үдерістердің жағдайындағы педагогтардың кәсіби дамуының мәселелері мен перспективалары» атты он-лайн семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: мектептердегі инновациялық үдерістін жағдайындағы педагогтардың кәсіби дамуының мәселесі бойынша пікірлер мен тәжірибе алмасу.
Семинарға Қостанай облысының білім беру Басқармасының мамандары, ҚМПИ-ң декандары мен әдістемелік қызметінің басшылары, оқытушылар мен студенттер, аудан және қала білім бөлімдерінің әдіскерлері және Қостанай обылысының тірек мектептерінің педагогтары, сонымен бірге облыстың 80 мектебінің педагогикалық ұжымдары қатысты.
Он-лайн семинар барысында келесі бағыттар бойынша тақырыптар талқыланды:
- Педагогтың кәсіби дамуын әдістемелік қолдау;
- Қостанай облысының білім беру ұйымдарының жағдайы педагогтың кәсіби дамуының ресурсы ретінде;
- Кәсіби тәжірибені зерттеу (Lesson Study тәсілі) педагогтың кәсіби дамуының құралы ретінде;
- Педагогтардың кәсіби дамуын курстан кейінгі қолдау және болашақ педагогтарды «Мұғалімнің кәсіби бағдары» курсының негізгі идеяларын кіріктіруге даярлау.