Педагогикалық шеберлік орталығы

Бағдарлама тыңдаушыларының өзгертілген сабақтарына бақылауды ұйымдастыру жолдары мен түрлері

Бағдарлама тыңдаушыларының өзгертілген сабақтарына бақылауды ұйымдастыру жолдары мен түрлері

    Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы базасында 2018 жылдың 15 наурыз күні «Бағдарлама тыңдаушыларының өзгертілген сабақтарына бақылауды ұйымдастыру жолдары мен түрлері» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

    Семинардың мақсаты: «Тәжірибедегі рефлексия» курсының тыңдаушыларының оқыту үдерісін зерделеу жолдарын анықтайды, жалпы сабақты қадағалау/бақылау жобасын жасайды, сабақты бақылау картасының көмегімен бағалайды.

Семинарға аудан/қала және облыстық білім басқарамасына қарасты білім мекемелерінің «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өткен 59 мектеп тренері қатысты. Оқыту семинарын филиал тренерлері: Ш.К.Альтаева, А.С.Тоқтағанова, Г.Б.Тортаева және А.Ш.Джурунова жүргізді.     

Қатысушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, топқа бөлу, тақырыпқа негіздеу мақсатында "Серпілген сауал" жаттығуы жүргізілді. "Деңгейлік Бағдарламаның жеті модулін" еске түсіре отырып, сабақты қадағалауды жүргізу сапасы «Буклет» әдісімен тексерілді. Жобамен жұмысты «Сабақтағы модульдердің ықпалдастығын қалай қадағалауға/бақылауға/көруге болады?" жетелеуші сұрағымен байланыстыра отырып, «Оқытуды қадағалау нысанымен» жүргізілген жұмыстың сапасы анықталды. «Галереяға саяхат» әдісінде көпшілігі бұл бақылау нысанының назардан тыс қалдырғанын атап өтті. Тренер ұсынған «Сабақты бақылау картасымен» таныса отырып, бейнежазбадағы сабақты бақылау картасымен талдады. «Сабақты бақылау картасының» тиімділігі – әр модульдің параметріне сай бақылау/қадағалау жасай алуы. Бақылау картасы бойынша мектеп тренері ретінде мұғалімдерге кәсіби көмек беру жолдары талданды. Қатысушылар семинар соңында «Сабақты бақылау картасының» тиімді тұстарын атап көрсетті.


Возврат к списку