Педагогикалық шеберлік орталығы

Областной семинар на тему «Критериальное оценивание как инструмент в повышении мотивации учеников к обучению»

Областной семинар на тему «Критериальное оценивание как инструмент в повышении мотивации учеников к обучению»

Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып Жамбыл ауданы А. Макаренко атындағы орта мектеп базасында 2018 жылдың 15 ақпаны күні «Критериалды бағалау оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың құралы ретінде» тақырыбында  облыстық семинар-практикум  өткізілді.

Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалауды мұғалімдердің өз тәжірибесінде қолданудың тиімді жолдарын көрсету және тәжірибе алмасу.

Семинарға мектеп ұжымымен қатар, Жетекші мектептер мен серіктес мектептерден 11 бағалау жөніндегі мектеп үйлестірушісі және 56 мұғалім тартылды. Семинарда Жетекші мектептің мұғалімдері  қалыптастырушы бағалауды қолдануға бағытталған 6 сабақ, серіктес мектептің  мұғалімдерімен 2 коучинг-сабақ,  серіктес мектептің бағалау жөніндегі үйлестірушілерінің 2 шеберлік-сыныптары  өткізілді.  Филиал тренерлері Альтаева Ш.К. және А.М.Нарегеевалар өткізілген сабақтар мен коучинг-сабақ, шеберлік-сыныптарда модератор болды.             

Семинардың  пленарлық бөлімінде мектеп директоры М.О.Туребекова мектептегі критериалды бағалаудың жүргізілуі, кездескен қиындықтарды шешу жолдарымен таныстырды. Филиал директоры Е.Н.Кохаева білім мазмұнын жаңарту аясында қалыптастырушы бағалаудың мақсаты, мұғалімдердің қалыптастырушы танымдық кері байланысты жүргізудегі ескерілмейтін тұстарына тоқталды.  «Мектептегі критериалды бағалаудың тәжірибедегі құрылымы» тақырыбында директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.У.Нургазиева, «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы критериалды бағалау Жетекші мектеп пен серіктес тәжірибесінде» тақырыбында Жетекші мектеп үйлестірушісі М.Т.Кулсаидова баяндама жасады. 

1,2,5,7-сыныптардағы сабақ негізделген оқу мақсатына сай критерийлер мен дескрипторларды тиімді қолданудың жолдары көрсетілді. Әр сабақтан кейін модератор жұмысы көрініс тапты.

Өткізілген коучинг-сабақтардың тиімділігі–қалыптастырушы танымдық кері байланыстың тиімді жолдары бойынша  тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған тапсырмалардың дұрыс ұйымдастырылуында.

Мектептің бағалау жөніндегі үйлестірушілерінің ата-аналармен, оқушылармен, пән мұғалімдерімен ұйымдастырылған жұмыс формалары мен түрлері бойынша өз тәжірибесіндегі тиімді-тиімсіз тұстарды талдауы,  облыс мектептерінен келген бағалау  жөніндегі үйлестірушілердің өзара тәжірибе алмасуы  семинардың сәтті тұсы болды. 


Возврат к списку