Педагогикалық шеберлік орталығы

Официальное вручение сертификатов TKT CLIL слушателям, окончившим курс по обучению коммуникативным методикам преподавания по предмету «Английский язык» в рамках обновления содержания среднего образования Республики Казахстан.

     2017 жылдың 25 желтоқсан күні  Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалында, консорциум құрамындағы ЖШС «Professional Development Centre», ЖШС «Interpress International House», ЖШС «Caspian Training Group», ЖШС «Халықаралық білім беру орталығы «Жаңа ұрпақ», Көшбасшы Компания атынан ЖШС «Professional Development Centre»  ресми түрде «Ағылшын тілі» пәні коммуникативті оқыту методикасы бойынша, Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы курсын тамамдаған тыңдаушыларға TKT CLIL сертификаттары тапсырылды. Республика бойынша тілдік курстарына 3605 педагог, соның ішінде 908 мұғалім физика, биология, химия, информатика пәндері бойынша және 2697 ағылшын пәні мұғалімдері тартылды. Ең алғашқы TKT CLIL емтиханың  елдің 10 аймағынан 81 тыңдаушысы тапсырды. Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша аталған емтиханды 8 тыңдаушымыз, «Ағылшын тілі» пәні коммуникативті оқыту методикасы бойынша сәтті тапсырып, 100% нәтиже көрсетті. Олардың ішінде 4 аудандық мектеп мұғалімдері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, К.Маркс атындағы орта мектеп мұғалімі- Аязбаева З. В.,  Қордай ауданы, Сортөбе ауылы, №48 орта мектеп мұғалімі  – Дыва З. Х., Шу ауданы, Шу қаласы, Жібек Жолы мектеп-лицейінің мұғалімі –Харькова С. П., Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы,  В.Чкалов атындағы орта мектеп мұғалімі  – Хурова С. И., және 4 қала мектеп мұғалімдері:№26 орта мектеп мұғалімі -Абильдаева Г.Н., №7 гимназия мұғалімі -Кириченко М.Н., №41 гимназия мұғалімі -Ахмедова Х.К., №24 гимназия мұғалімі  -Мубаракшина Р.А.

    Құттықтау сөзімен облыстық білім басқармасының өкілі, ағылшын тілі пәнінің әдіскері Достаева Б., консорциум өкілі, курс тренері Нарешева А. ортаға шықты. Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының директоры Кохаева Е.Н. өзінің құттықтау сөзінде ең күшті деп танылған ағылшын тілі мұғалімдері өздерінің химия, физика, биология және информатика пәндері бойынша әріптес-мұғалімдеріне  тілдік білімдерін  жақсарту мақсатында көмек көрсететіндерін айтып өтті. Курс тыңдаушысы Абильдаева Г.Н. жергілікті БАҚ сұхбат беру кезінде аталған курстың  қажеттелігін айтып, осы курстан алған білім мұғалімнің  кәсіптік дамуына өз үлесін қосады деп өз ойын білдірді. 


Возврат к списку