Педагогикалық шеберлік орталығы

Т.Рысқұлов ауданының Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің базасында «Критериалды бағалау оқыту сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Т.Рысқұлов ауданының Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің базасында «Критериалды бағалау оқыту сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары және облыс мұғалімдері – 33 адам, аталған мектептің 20 мұғалімі – барлығы 53 педагог қатысты.

Бағдарламаға сәйкес аудандық ББ басшысы Абуталипов Е.А. семинар жұмысын ашып, баяндама жасады. Аудандық ББ әдіскері Қ.Медеров аудандағы критериалды бағалауды тәжірибеге енгізудің жай-күйі туралы «Критериалды бағалау жүйесі бойынша өңірлік үйлестіруші мен мектеп үйлестірушісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар ПШО Тараз қаласындағы филиалдың аға менеджері Тоқтағанова А.С. «Критериалды бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және талдау» тақырыбында баяндама жасады.

Бағдарламаға сәйкес семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде 9 мұғалім сабақтар көрсетіп, кері байланыс жасалды. Сондай-ақ, «Оқушылардың білім сапасын арттыруда критериалды бағалаудың ролі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі» тақырыбында  коучинг және «Жаратылыстану пәндерінде критериалды бағалауды қолдану» тақырыбында шеберлік сынып көрсетілді. семинар-практикум кезінде жетекші мектеп Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен серіктес 7 орта мектептің мұғалімдері өз тәжірибелерін ортаға салды. 

Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің базасында облыстық «Критериалды бағалау оқыту сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында өткізілген семинар-практикум облыс мұғалімдеріне тиімді әдістемелік  қолдау болды. Критериалды бағалау тақырыбында облыс мұғалімдері тәжірибемен танысып, сұрақтарына жауап алды. Семинар соңында қатысушылардан жазбаша кері байланыс алынды және аудандық ББ әдіскері Медеров К.Т. жұмысты қорытындылады.

Семинар жұмысы бойынша ұсыныстар:

-          Жетекші мектептердің серіктес мектептерге әдістемелік қолдау аясын кеңейту мақсатында тақырыптық семинарларды бірлесе өткізу;

-          Жаңартылған білім беру бағдарламасымен жұмыс аясында әдістемелік қолдауды тиімділендіру мақсатында облыстық  білім басқармасы және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің оқу-әдістемелік кабинетімен тығыз байланыс орнату.

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Т.Рысқұлов ауданының Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің базасында «Критериалды бағалау оқыту сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Возврат к списку