Педагогикалық шеберлік орталығы

«Іс- әрекеттегі зерттеу кезінде мұғалімнің кәсіби дамуы»

Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып Жамбыл ауданы Б.Бесбаева атындағы орта мектеп базасында 28 қараша 2017 жылы «Іс- әрекеттегі зерттеу кезінде мұғалімнің кәсіби дамуы»  тақырыбында  облыстық семинар-практикум  өткізілді.

Семинардың мақсаты: Іс- әрекеттегі зерттеу жүргізуді тәжірибеде қолдану, зерттеу проблемаларын талдауды және   нәтижелерін бағалауды таныстыру. Күтілетін нәтиже: оқыту үдерісінде Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу бойынша тәжірибе алмасады;   проблемаларды  талдау арқылы мұғалімдердің тәжірибелік дағдылары дамиды; Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу нәтижелерін бағалай алады.

Семинарға мектеп ұжымымен қатар, Жетекші мектептер мен серіктес мектептерден 48 мұғалім тартылды. Семинарда Жетекші мектептің мұғалімдері  Іс-әрекеттегі зерттеуге негізделген 3 сабақ, серіктес мектептің зерттеуші мұғалімдерімен 3 коучинг-сабақ, 1 шеберлік-сынып, 1 дөңгелек үстел  және   филиал тренерлері 3 тренинг өткізді.            

Семинардың  пленарлық бөлімінде мектеп директоры Г.К.Сыздыкова мектептегі Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу себебінің анықталуы, зерттеудің сыныпта, мектеп деңгейінде жүргізілуін таныстырды. Жетекші мектеп үйлестірушісі З.А.Усенбаева Жетекші мектеп пен серіктес мектептердегі зерттеумен айналысып жүрген мұғалімдер мен олардың нәтижесі туралы ақпарат ұсынды.

Семинарда сыныптағы зерттеумен айналысып жүрген үш мұғалімнің зерттеу сұрағына сай сабақты жүргізуі бақыланды. Сабақтар оқу мақсатына сәйкес жоспарланып жүргізілді. Сабақтардың тиімділігі – мұғалімдерге ұсынылған зерттеу сұрағына сай жасалған құрылымдалған бақылау парағымен зерттеу нысанын анықтау болды. Сондай-ақ сабаққа қатысқандардың ұсыныс-пікірлері мен  секция жұмысына қатысқан тренерлердің  пікірлері тыңдалды. Семинар соңында әр мұғалімнің сабағын бақылау парағы бойынша мониторинг жасалды. Сабақта  зерттеу тақырыбына  сай кері байланыс алуды жақсарту керек деген ұсыныс жазылды.  

Филиал тренерлері: Ш.К.Альтаева, А.М.Нарегеева,А.С.Тоқтағанова және А.Ш.Джуруновалардың «Іс-әрекеттегі зерттеуде деректермен жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбындағы тренингтері семинарға қатысушылардың Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу барысындағы қадамдық нұсқаулықты басшылыққа алуға бағытталды. Тренингтің тиімділігі – деректердің түрлерін ажырата отырып, оның сенімділігі мен шынайылығын анықтау жолдарын меңгеруі болды.

Мектеп деңгейіндегі  зерттеу бойынша мұғалімдердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған коучинг-сабақтар ұйымдастырылды. Коучингтің кіріспе бөлімінде Іс-әрекеттегі зерттеумен айналысып жүрген ұстаздардың осы тақырыпқа келу себебі мен зерттеу сабақтары бойынша кездескен проблемаларына тоқталды. Бұл – осы коучингке келген әрбір мұғалімнің бақылау жүргізуіне тиімді болды.  Жетекші мектеп пен серіктес мектептің  зерттеумен айналысып жүрген мұғалімдерінің осы коучингке келу мақсаты айқындалып, Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша туындаған проблеманы талқылады.  Зерттеу тақырыбына сай коучтің, коучингке қатысушылардың  әрекетін құрылымдалған кестемен бақылауы жұмыс сапасын арттырды.

   Іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесін талдауға ұсынылған «Іс-әрекеттегі зерттеуде рефлексияның тиімділігі»  тақырыбындағы шеберлік-сыныпта осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Д.Ж. Сидикова өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік-сыныптың кіріспе бөлімінде де зерттеудің басталуы мен қадамдарына талдау жүргізіліп барып, нәтижесімен таныстырылды.

Семинар соңы «Мұғалімнің кәсіби дамуындағы іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің маңыздылығы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Жетекші мектеп пен серіктес мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі бойынша ой бөлісті. Ең  маңыздысы – зерттеу жүргізу үшін тақырыпты таңдау, деректер жинау, зерттеу  барысындағы қиындықтар туралы өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар тәжірибесі талқыланды. Өткізілген іс-шаралардың барлығында да сапаны анықтауға арналған бақылау парақтарымен жұмыс ұйымдастырылды.

Семинарға қойылған мақсат шындыққа көз жеткізу, мүмкіндіктерді қарастыру, проблемаларды шешу тұрғысынан тиімді болды.

Мұғалімдердің зерттеу бойынша жинақтаған материалдары  көрмеге қойылған  портфолиода көрініс тапты.

Семинардың сәтсіз тұсы – семинардың жоспарланған уақыттан кеш басталуы. Себебі шалғай ауданнан келген мұғалімдердің белгінеген уақытта жете алмауы жұмыс уақытының созылуына әкелді. 

Болашақта Іс-әрекеттегі зерттеумен айналысатын мектептерде зерттеуші топтың жұмысын жақсарту үшін шағын топтардың бір тақырыпта зерттеумен айналысуын ұсынар едім. 


Возврат к списку