Педагогикалық шеберлік орталығы

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған семинар

Оқыту семинары

19 қаңтар күні Семей қаласының №7 мектеп – лицей базасында «БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын әзірлеудің әдіс -тәсілдері» атты оқыту семинары өтті. Семинар ұйымдастырушысы Өскемен қаласы ПШО филилалының Білім мазмұнын жаңарту және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру бойынша әдістемелік орталығының менеджер – әдіскері Усенова Д.Э.

Семинардың мақсаты - Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату шеңберінде Семей қаласының жалпы білім беретін ұйымдарының мұғалімдеріне бағалау тапсырмаларын әзірлеуді үйрету тәжірибесімен алмасу болды.

«Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» курстарынан өткен мұғалімдер қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, география, тарих, информатика, биология, химия пәндерінен шеберлік –сыныптарында өз тәжірибелерімен бөлісумен қатар бағалау тапсырмаларын жасау алгоритмімен таныстырды. Қатысушылар тәжірибе жүзінде бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасады.
Шеберлік сыныптары сабақ беретін пәндері мен оқыту тілін ескере отырып қазақ тілінде және орыс тілінде , секцияларға бөлу арқылы жүргізілді.

Семинарға барлығы 424 қала және жақын маңдағы ауыл мұғалімдері қатысыты. Кері байланыста мұғалімдер шараның тиімділігін атай келе, алдағы уақытта қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика, география пәндерінен семинардың жалғасы болса деген ұсысыныстарын білдірді.

Семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен 21 модератор мұғалімдерге Өскемен қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаттары табысталды.

  

  

  



Возврат к списку