Педагогикалық шеберлік орталығы

«Сабақты зерттеу-бірлескен оқу тәсілі» тақырыбында облыстық жетекші мектептер үшін өткізілген тәжірибелік конференция

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы филиалы 2019 жылдың 19-20 наурызында Атырау облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, И.Тайманұлы мектебі базасында «Сабақты зерттеу-бірлескен оқу тәсілі» тақырыбында облыстық жетекші мектептер үшін тәжірибелік конференциясы өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдер оқытуды жетілдіру және кәсіби дамуды арттыру құралы ретінде мектептерде сабақты зерттеу үдерісін пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға және сабақты зерттеу кезінде әріптестермен қарым-қатынас орнату арқылы қалай қолдау көрсетуге болатынын нақтылайды. Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақты зерттеу үдерісін пайдалануда сабақты зерттеу дағдыларын жетілдірді, дерек жинау әдістері мен деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлауда тәжірибеде кездескен кедергілерді шешу жолдарын табады. Мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлау әдістемесін меңгеру нәтижесінде оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолданудағы білім мен дағдыларын жинақтайды. Конференцияның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық білім беру басқармасының басшысының міндетін атқарушы Төремұратова Ж.М, «НЗМ» ДББҰ Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Нуржанова А.Т қатынасып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ конференцияға облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, Атырау облысы бойынша жетекші мектептерінің директорлары, мектеп координаторлары, мектеп тренерлері және «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетімен бірлесе дайындаған біліктілікті арттыру бағдарламалары негізінде сертификатталған мұғалімдерінен құрылған 150 мұғалімдер мен педагогтер қатысты. Қатынасушы жетекші мектептің басшылары сабақты зерттеу және серіктес мектептерімен жасалынған жұмыс іс тәжірибелерін рол-апп түрінде жарнамалады. Одан соң жетекші мектеп топтарымен пікірталас шеңберінде әр мектептің өз мектептерінде өткізген сабақты зерттеу тәжірибелері бойынша көкейтесті мәселелерден фасилитациялық сессия пікірталас шеңберінде өтті. Онда әр мектеп сабақты зерттеу тәжірибесінен SWOT талдау жасап, сессия барысында креативті матрица бойынша талданды және алда атқарылатын әрекеттерін нақтылады. Конференцияда сонымен қатар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты зерттеу мәселелері бойынша 21 жетекші мекетептерден құрылған топ жеті жұмыс шеберханасында баяндамашы және пікірталастырушы ретінде қатынасты. Онда сабақты зерттеу топтарын (командаларын) құру қағидалары; Зерттеу сұрағын қалай анықтауға болады? Бірлесе сабақты жоспарлаудың тиімді тәжірибелері; Сыныпты бақылау жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдері. Сабақты талқылау бойынша тиімді тәжірибелер; Сабақты зерттеу нәтижелерін құжаттауды ұйымдастыру тәжірибелері. Әріптестермен тәжірибе алмасу формаларының тиімді түрлері тақырыптарында өз тәжірибелерінен таныстырылымдардан идеялар жәрмеңкесіне қатынасты.

Возврат к списку