Педагогикалық шеберлік орталығы

Новый уровень начального образования

26.08.2019 ж. Талдықорған қ. Ш.Уалиханов атындағы №10 пилот мектебінің  негізінде Алматы облысының  4-сынып мұғалімдері, жалпы білім беру мектептерінің мектеп алды даярлық топтарының тәрбиешілері, білім беру  басқармасының мамандары мен мектеп басшылары үшін секциялық отырыстар өткізілді.

Аталған отырыс-жылда пилот мектебінің пән мұғалімдері Алматы облысының білім беру бөлімі, Талдықорған қ. ФМБ НЗМ мұғалімдері және ПШО филиалының тренерлерімен бірлесе ұйымдастырып және өткізіп отыратын шара. Бұл шараның мақсаты: бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын апробациядан өткізу аясында пилот мектебі мен НЗМ мұғалімдерінің тәжірибесін тарату.

Секция жұмысына 620 мұғалім қатысты, оның ішінде 375 бастауыш сынып мұғалімдері, 245 мектеп алды даярлық тәрбиешілері. 27 түрлі секцияда 4-сынып және мектеп алды даярлық сыныптарында мазмұны жаңартылған бағдарлама аясында сабақты жоспарлау және жүзеге асыру мәселесі бойынша шебер сыныптар өткізілді. Секция отырысының модераторлары Талдықорған қ. ПШО филиалының тренерлері Абишева Р.Б. және Туреханова Г.Б. болды.

Жұмысты қорытындылау барысында қатысушылар білім беру үдерісін    4-К негізінде ұйымдастыра білудің маңыздылығы мен өзектілігіне басты назар  аударып, ол өз кезегінде бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен оқу үдерісін  тиімді жоспарлауға ықпал ететінін ерекше айтып кетті.   


Возврат к списку