Педагогикалық шеберлік орталығы

Ведущие школы в действии

21.08.2019ж. Талдықорған қ. №28 IT- мектеп негізінде облыстық конференция аясында Жетекші мектептер секциясы жұмыс жасады. Секцияның мақсаты: Жетекші мектеп   пен серіктес мектептердің өзара әрекеттестік аясындағы қызметті ұйымдастыруға байланысты басқару дағдыларын арттыру. Секциялардың жұмысын реттеп отырған модераторлар -Талдықорған қ. Педагогикалық шеберлік орталық филиалының тренерлері Туреханова Гульшат Бейсенбековна, Абишева Раушан Базартаевна және Черенкова Людмила Валерьевна. Секциядардың жұмысына жалпы 70-тен астам адам қатысты.

Секция жұмысының барысында Алматы облысының Жетекші мектептерінің үйлестірушілері серіктес мектептермен жаңаша жұмыс жасау идеяларымен ортаға шықты. Таныстырылымдар арқылы Жетекші мектептердің үйлестірушілері өз серіктес мектептеріне қолдау көрсету мақсатында бірлескен жұмысты жүйелі ұйымдастыру жолдарын, кездескен кедергілерін, оларды жеңу жолдарын ашып көрсетті. Шебер сыныптар өзара әрекеттестік қызметін ұйымдастыруға байланысты басқарудың нақты бір дағдысын арттыруға көмектесетіндей деңгейде өтті.

Қапшағай қ. Жетекші мектептің қызметін атқаратын №2 ОМ үйлестірушісі А.А. Авалиеваның «Серіктес мектептермен бірлескен Сабақты зерттеу» және Текелі қ. №3 ОМ үйлестірушісі Т.В.Солодкованың «Жетекші мектеп пен серіктес мектептің ынтымақсатстығы жағдайындағы педагогтердің кәсіби дамуы» тақырыбындағы жұмыстары ерекше көзге түсті. Жұмыс барысында қатысушылар желілік қоғамдастық аясында онлайн- ресурстарды қолдану мәселесі бойынша тәжірибе алмасты.

Секция жұмысының қортындысы ретінде шешім қабылданды: облыстық оқу-әдістемелік орталықтың инновация және эксперимент бойынша әдіскері А.М. Адильбаевамен бірлесіп Алматы облысының жетекші мектептері мен серіктес мектептері үшін «Үздік желілік қоғамдастық» байқауын өткізу.

Конференция қатысушылары өз кері байланыстарында осындай кезедесулер тәжірибе таратуға ынталандырып, кәсіби өсуіне деген жаңашыл идеялар ұсынатынын білдірді. Сонымен қатар қатысушылар келесі жылы секция жұмысы практикалық форматта өтсін деген ұсыныс білдірді.

Аталған конференцияның аясында филиалдың тренері Абишева Р.Б «Құзіреттілік пен шығармашылық –критериалды бағалау жүйесінің тиімділік кепілі» орыс тілі мен әдебиет пәні секциясының жұмысына қатысты. Мақсаты – орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша критериалды бағалауды тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беру. Тренер қатысушылармен «Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбында тренинг өткізді. Критериалды бағалау жалпы білім беру мектептерінде бірнеше жыл бұрын еңгізілгеніне қарамастан, әлі де түсіндіруді және әдістемелік қолдауды қажет ететіні анықталды. Сондықтан секция жұмысы практикалық зертханалар, авторлық және педагогикалық шеберхана форматында өтті.

Қатысушылар секцияның дәстүрден тыс жұмысын ерекше бағалап, өз кері байланыстарында Педагогикалық шеберлік орталықтың қызметкерлерінің қатысуымен осындай кездесулерді жүйелі өткізу қажет деген ұсыныс білдірді.



Возврат к списку