Жаңалықтар

21.08.2019 ж. Талдықорған қ. №28 IT- мектеп негізінде облыстық конференция аясында Жетекші мектептер секциясы жұмыс жасады. Секцияның мақсаты: Жетекші мектеп пен серіктес мектептердің өзара әрекеттестік аясындағы қызметті ұйымдастыруға байланысты басқару дағдыларын арттыру.

26.08.2019 ж. Талдықорған қ. Ш.Уалиханов атындағы №10 пилот мектебінің негізінде Алматы облысының 4-сынып мұғалімдері, жалпы білім беру мектептерінің мектеп алды даярлық топтарының тәрбиешілері, білім беру басқармасының мамандары мен мектеп басшылары үшін секциялық отырыстар өткізілді.

Талдықорған қаласындағы ПШО филиал тренерлері 2015-2016 оқу жылынан бастап Алматы облыстық білім басқармасы және облыстық әдістемелік кабинеттердің ұйымдастырып өткізілген іс-шараларында жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетіп келеді.

Үстіміздегі оқу жылының 27 қазанында Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

2017 жылдың 19 қазанында Талдықорған қаласындағы НЗМ мұғалімдеріне Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Черенкова Л.В. және Темиргалиева У.Б. «Мұғалімнің кәсібилігін жақсарту үшін эмоционалды интеллекттің әсері» тақырыбында интербелсенді дәріс өткізді. Бұл шара эмоционалды интеллект саласындағы (EQ) НЗМтмұғалімдерінің дағдылары мен қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

2017 жылы 26 қыркүйекте облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті.

Алматы облысы әкімінің қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ««Жылдың үздік мұғалімі » байқауы 2017 жылдың 20-21 қыркүйек күндері Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп базасында өтті. Байқауға аудандық кезеңнің жеңімпаздарынан 25 мұғалім қатысты.