Педагогикалық шеберлік орталығы

В Актобе проведена двухдневная стажировка директоров Ведущих школ

2017 жылдың 2-3 ақпан күндері облыстық білім басқармасының қолдауымен Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Жанақоныс ауылындағы Новый орта мектептері базасында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен Жетекші мектептердің директорларына арналған екі күндік тағылымдама семинары өткізілді.

Семинар тақырыбы «Жетекші мектеп педагогикалық қауымдастықтағы мұғалімнің кәсіби даму орталығы ретінде». Семинарға 59 білім беру мекемесінің басшысы қатысты.

Семинар мақсаты – жаңартылған мазмұн аясында Назарбаев Зияткерлік мектебі мен пилоттық мектеп тәжірибесі негізінде мектеп басшыларын оқыту, олардың игерген тәжірибесін кәсіби қауымдастықтар арқылы таратуға ықпал ету.
Семинарда педагогтардың біліктілігін жетілдіру жүйесінің мектептермен тығыз байланыста болу қажеттілігі, оның ішінде Жетекші мектептерге ерекше рөл жүктелетіндігі атап көрсетілді.

Семинардың алғашқы күні Жетекші мектеп директорлары Назарбаев Зияткерлік мектебіне шақырылып, Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің кәсіби даму жүйесі таныстырылды. Мектеп директорлары сабақтарға кіріп, Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының мектеп әкімшілігімен өткізген жоспарлы кеңесіне қатысты, кітапхана жұмысының ерекшеліктерін зерделеді.

Тағылымдаманың екінші күні мектеп басшылары назарына Новый орта мектебіндегі жаңартылған бағдарламаны сынақтан өткізу жұмысы ұсынылды. Мектеп ұжымы семинарға қатысушыларды эксперимент жұмысының аралық нәтижесімен таныстырды. Пилоттық мектеп өз білім беру ұйымының басты ерекшелігі болып табылатын ұйымдастыру мәдениетін жасақтау, сонымен қатар мектептегі оқу ортасының табысты қалыптасуы, оқушылардың білімге қызуғышылығын оятумен бірге, мектептеге деген құштарлығын арттыру тәжірибесімен бөлісті.

Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері мектеп директорларына критериалды бағалаудың негіздерін оқытты. Білім басқармасы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығымен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту біліктілікті жетілдірудің тиімділігін арттыратындығына сенім білдірді.


Возврат к списку