Педагогикалық шеберлік орталығы

В центре внимания педагогов Акмолинской области –воспитательная работа

Әдістемелік Орталықтың негізгі жұмыс бағыттарының бірі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының мәнмәтінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Бұл бағытты іске асыру мақсатында Ақмола облысы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері және мектеп кітапханашылары үшін семинар-практикумдар топтамасы өткізілді.

Семинар бағдарламалары педагогтардың қажеттіліктерін ескере отырып мұғалімдердің қызметінде кездесетін қиындықтарды жоюға бағытталған.

Семинар барысында қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысының ерекшеліктері, жобаларды өткізу әдістемесі, қосымша білім беру жүйесімен танысты. Жас ерекшеліктері әртүрлі түрлі тілдерде оқитын оқушылардың өзара әрекеттесу үдерісін көрсететін Шаңырақ сағаты ерекше қызығушылық тудырды. Мектеп директорларының орынбасарлары Назарбаев Зияткерлік мектептері жобаларының өз мектептерінде бейімделу  мысалдарын ортаға салды.

Мектеп кітапханашылары үшін Назарбаев Зияткерлік мектептердің педагог-кітапханашыларының пән мұғалімдері және  ата-аналармен  қызметінің әдістеріне арналған   оқыту іс-шаралары өткізілді. Тиімді оқытудың негізі болып саналатын оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмысты жоспарлау тәжірибесі пайдалы болды. 

Бастауыш мектептегі отбасылық клубының оқу және интерактивті оқу аясында іс-шаралардың әртүрлі жұмыс формалары көрсетілді.

Семинарға қатысушылар тәжірибеде сабақтағы шағын-зерттеу әдістемелерін пысықтап,  кеңістіктік ойлауды және талдау «Сұрақтар күші» белсенді емес, «Sciku» белсенді әдістемесімен жұмыс жасай алды.

Іс-шаралардың қорытындысы бойынша тәрбие жұмысы шеңберінде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен ынтымақтастық бойынша қатысушылардың әзірленген ұсынымдары мен практикалық ұсыныстары болды. Мектеп қонақтары семинардың маңыздылығы мен өзектілігін атады. 

Возврат к списку