Педагогикалық шеберлік орталығы

Сотрудничество с колледжами: презентация особенностей обновленных программ

2019 жылдың сәуір айында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері Ш.Уәлиханов атындағы КМУ университеті жанындағы көпсалалы және қазақ гуманитарлық-техникалық колледждерінде бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараларға колледж директорларының орынбасарлары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Іс-шара тақырыптары колледж әкімшілігімен анықталды.    

5 және 9 сәуір күндері Қазақ гуманитарлық-техникалық колледж базасында мектепке дейінгі бөлімнің оқытушылары мен студенттері үшін «Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының ерекшеліктері», «Оқытудың белсенді әдістері» атты семинарлар өтті.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ университеті жанындағы көпсалалы колледжінде 5 және 9 сауірде «Ақылшын тілі», «Орыс тілі және әдебиеті» бөлімдерінің оқытушылары мен студенттеріне арналған семинарлар өткізілді. Тренингтер студенттерді мектептегі тәжірибеге даярлау аясында ұйымдастырылды. Семинар қатысушылары «Ағылшын тілі сабақтарындағы жаңартылған білім беру бағдарламасы: 4 сөйлеу дағдысын дамыту. Критериалды бағалау» тақырыптары қарастырды.

11 сәуір Қазақ гуманитарлық-техникалық колледж әкімшілігі мен оқытушылары үшін «Студенттерге бағытталған оқыту: заманауи тәсілдер мен құралдар» тақырыбы талқыланды. Студенттің жаңа рөлі, оқытушы рөлінің фасилататор рөліне ауысқаны туралы талқылау өтті. Оқу мақсаттарына сәйкес сараланған тапсырмаларды құрастыру бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

Оқытушылар тарапынан орта білім беру мазмұнын іске асыру бойынша айқындау сұрақтар қойылып отырды. Негізгі құжаттарға қатысты талаптарды бірлесе қарастыру өте пайдалы болды. Сабақты жоспарлауды талқылау, оқу мақсаттарына сәйкес түрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлеу қалыптастырушы бағалаудың негізгі идеяларын түсінуге ықпал етті.

Кері байланыс педагогикалық колледж студенттерін орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық тәжірибеден өту үшін сапалы даярлауға бағытталған алдағы оқыту іс-шаралары тақырыптарының қажеттіліктерін анықтады. 

Возврат к списку