Педагогикалық шеберлік орталығы

Обмен опытом реализации методики CLIL

Обмен опытом реализации методики CLIL 2019 жылдың 27 ақпаны мен 8 сәуірінде ағылшын тілінде сабақ өткізетін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдеріне қолдау көрсету іс-шаралары аясында  Көшетау қаласындағы ФМБ НЗМ базасында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) бойынша cеминар-практикум өткізілді. Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептердің физика, информатика, биология және химия мұғалімдері үшін сабақты бақылау ұйымдастырылды. НЗМ мұғалімдері халықаралық мұғалімдермен бірлесе сабақтағы іс-әрекетті ұйымдастырудың әртүрлі формаларын көрсетті. Сабақтар белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру қағидаты бойынша құрылған. Мұғалімдер CLIL тәсілінің алуан түрлі қолдану стратегияларымен танысып,  аталған бағыт бойынша мәселеге қатысты сұрақтарды талқылады.  НЗМ мұғалімдері өткізген «Сабақтардағы тілдік интеграция. CLIL тәсілдері» тақырыбындағы шебер-сынып бейіндік пәнін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал етті. Семинар қатысушыларына төрт тілдік дағдының (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)  дамуына бағытталған CLIL әдістемесінің  негізгі тәсілдері мен стратегиялары ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылардың ағылшын тілінде терминология мен академиялық тілді игеруіне бағытталған. Мұғалімдер тәжірибеде кездесетін ортақ мәселелерді қарастырып, оларды шешудің идеяларын ұсынды.  

Возврат к списку