Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Тәрбие жұмысы - Ақмола облысы педагогтарының басты назарында
Тәрбие жұмысы - Ақмола облысы педагогтарының басты назарында

Әдістемелік Орталықтың негізгі жұмыс бағыттарының бірі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының мәнмәтінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Бұл бағытты іске асыру мақсатында Ақмола облысы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері және мектеп кітапханашылары үшін семинар-практикумдар топтамасы өткізілді.

Колледждермен ынтымақтастық: жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің таныстырылымы
Колледждермен ынтымақтастық: жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің таныстырылымы
2019 жылдың сәуір айында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері Ш.Уәлиханов атындағы КМУ университеті жанындағы көпсалалы және қазақ гуманитарлық-техникалық колледждерінде бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараларға колледж директорларының орынбасарлары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Іс-шара тақырыптары колледж әкімшілігімен анықталды.
Маңызды мәселелер ынтымақтастықта қарастырылуда
Маңызды мәселелер ынтымақтастықта қарастырылуда
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасы және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауы бойынша 2019 жылдың 12 сәуірінде Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. 
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша өңірлік семинар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша өңірлік семинар
2019 жылдың 09 сәуірінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Ақмола облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Степногорск қ, жалпы білім беретін бастауыш сыныптары мұғалімдеріне өңірлік семинар өткізілді.  
CLIL әдістемесін іске асыру бойынша тәжірибе алмасу
CLIL әдістемесін іске асыру бойынша тәжірибе алмасу
2019 жылдың 27 ақпаны мен 8 сәуірінде ағылшын тілінде сабақ өткізетін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдеріне қолдау көрсету іс-шаралары аясында  Көшетау қаласындағы ФМБ НЗМ базасында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) бойынша cеминар-практикум өткізілді. 
«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептер тәжірибесі»
«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептер тәжірибесі»

2019 жылдың 19 наурызы Қазақстан Республикасында «Сабақты зерттеу» жобасын енгізу аясында Көкшетау қаласында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептер тәжірибесі» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырған Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы, Ақмола облысы білім басқармасы, Көкшетау қ. ФМБ НЗМ. Конференцияның қатысушылары ретінде аудандық қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Көкшетау қ. ФМБ НЗМ мұғалімдері, «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бағдарламасы бойынша мектеп тренерлері, Ақмола облысы Жетекші мектептерінің көшбасшы-мұғалімдері, «Өрлеу» ҰБАО өкілдері шақырылды. Конференцияның басты мақсаты - Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінде "Сабақты зерттеу» тәсілін іске асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату болды.

Көкшетау қаласының мектептерінде сабақты зерттеу
Көкшетау қаласының мектептерінде сабақты зерттеу

2019 жылдың 11-13 наурызында Жапония білім беру саласын зерттеу Ұлттық институтының аға қызметкері Тошия Чичибу жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келді. Практикалық білімдерін жетілдіру үшін мұғалімдердің өз сабақтарын зерттеу формасы ретінде танымал Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі бойынша Чичибу халықаралық сарапшы болып табылады.


Новости 1 - 7 из 46 Начало Конец