Педагогикалық шеберлік орталығы
Ақтау қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Ақтау – Каспий теңізінің жағасында орналасқан әсем қала. Бұл жерде 2012 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ филиалы өз жұмысын бастаған.
Ақтау қаласындағы Филиал – облыс мұғалімдерін оқыту, әдістемелік қолдау, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңы. Филиалда жыл сайын ең үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтауға ықпал ету мақсатында «Үздік жетекші мектеп», «үздік конструктивистік сабақ», «үздік коучинг-сабақ» конкурстарын өткізу дәстүрге айналды.
Филиалдың тренерлері – «оқыту үдерісінде сабақты зерттеуді тиімді пайдалану» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейтін, әдістемелік құралдар мен ұсыныстар жазумен айналысатын шығармашылық команда, облыстың жетекші мектептерінің жұмысын көрсететін 3D-постерлердің авторлары болып табылады.
Өңір жаңалықтары
19.02.2018
Ведущие школы – площадки обмена опыта
03.11.2017
Оказана методическая поддержка учителям Тупкараганского района
18.05.2017
Исследование в действии – инструмент развития практики
Байланыс мәліметтері
Дата открытия: 1 августа 2012 года
Адрес: г. Актау, мкр-н 19, Мангистауский институт "Болашак", 3-этаж, офис-2.
Телефон: 8 (7292) 20 27 80 8 (7292) 20 27 81
Электронный адрес: nurik_2004@list.ru
Почтовый индекс:
Ақтөбе қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Ақтөбе қаласы – Ақтөбе әскери бекінісінің орнына негізделген Солтүстік-Батыс Қазақстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы.
Ақтөбе қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 6 қызметкерден тұратын тренерлер командасынан құралған. Филиал қызметінің негізгі бағыты – Жетекші мектептер мен олардың кәсіби қоғамдастықтарының желісін дамыту арқылы Облыстың білім беру ұйымдарының педагогтерінің біліктілігін арттыру және әдістемелік сүйемелдеу. Филиал ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Каникулдық мектеп, Жетекші мектептердің аймақтық форумы, Жетекші мектептердің байқаулары, мұғалімдер қауымдастығының пәндік әдістемелік күндері сияқты жобалармен танымал. Сондай-ақ, филиал үш тілділік аясында АҚШ Елшілігімен ынтымақтастық серіктестікте.
Байланыс мәліметтері
Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағулова данғылы, 46
Телефон: 8 7132 704-445
Электронды адрес: akimova_t@cpm.kz; aktobecpmnis@gmail.com
Пошта индексі: 030000
Алматы қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Алматы қаласы – Қазақстанның оңтүстік-шығысында Іле Алатауы жотасының етегінде орналасқан, «Оңтүстіктегі Астана» деп аталатын Қазақстанның ең ірі қаласы, онда Алматы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы орналасқан.
Филиалда Алматы қаласындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттырумен айналысатын 12 қызметкер жұмыс істейді.
Филиалдың тренерлер ұжымы «мұғалімдердің зерттеу тәжірибесін дамытуда Lesson Study тәсілін қолдану» тақырыбына зерттеу жүргізеді, оған 200-ден астам директор, аймақтың 1000 мұғалімі қатысты. Филиалдың есебінде 7500-ден астам мектеп басшылары мен мұғалімдері үшін өткізілген 300-ге жуық біліктілікті арттыру курстары бар.
Кәсіби жеке қызығушылық, алған тәжірибені беру және басқа педагогтердің тәжірибесін қабылдау және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі аясында «100 кітап, 100 ән», «ата-аналардың жұмыс орындарында бір күн» атты интернет конкурстарына жақын орналасқан өңірлердің педагогтерін белсенді қатыстыруға себеп болды.
Өңір жаңалықтары
Табысты тәжірибелер
11.07.2019
Дүкенбаева Сәлима Ерғалиқызы
04.04.2017
Шадиев Кайратбек Хамзаханович
03.04.2017
Асанбекова Гулмира Сагатовна
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Алматы қ., Жетысу-2 ықшам ауданы, 9Б
Телефон: 8 (727) 333-17-73, 333-17-74
Электрондық пошта: asubayev@cpm.kz
Пошталық индекс: 050063
Атырау қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Атырау – Еуропа мен Азияның шекарасында тұрған қала, Флориданың батпақты жерлерін еске түсіретін орын, халық арасында Қазақстан Республикасының «мұнай астанасы» деп аталып кеткен. Атырау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2013 жылы ашылды. Филиалда жұмыс істеу кезеңінде облыстың 5000-нан астам педагогі оқытылды.
Филиалда педагогтердің үздіксіз кәсіби білім алуына барлық қажетті жағдай жасалған. Облыстың біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқудан өткен Х. Досмұхамедов атындағы гуманитарлық колледжі, Катира Дүтбаева ат. Гуманитарлық колледжінің білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби қызметін қолдау аясында желілік білім беру қауымдастығының белсенді жұмыстары жүргізілуде.
Өңір жаңалықтары
26.02.2019
Облыстық «Тәлімгер және тәлім алушы» кәсіби шеберлік байқауы
14.02.2019
«Мониторинг пен эвалюация үдерісінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму»
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Атырау қаласы, В. Белинский көшесі 9А
Телефондар: 8 7122 55-66-66, 87122 55-66-67
Электронды адрес: ungarova_t@cpm.kz
Почталық индекс: 060000
Қарағанды қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Қарағанды қаласы табиғи ресурстарға бай және қолайлы жерде орналасуының арқасында Қазақстанның ірі индустриялық, экономикалық және мәдени орталығы болып табылады. Шахтерлер қаласында орналасқан «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2012 жылы ашылды. Филиалда қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дайындалған 10 сертификатталған тренер жұмыс істейді.
Филиал қызметінің негізіне қазақстандық білім беруді әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру және реформалау жағдайында облыс педагогтерін үздіксіз кәсіби дамыту идеясы алынған.
Тренерлер құрамының жұмысындағы басым бағыт ересектерді оқыту тәжірибесін зерттеу және жетілдіру, Қарағанды облысы педагогтерінің желілік кәсіби қауымдастығы аясында мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері мен зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған жобаларды енгізу және сүйемелдеу болып табылады.
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Бұхар-Жырау даңғылы, 51/1
Байланыс телефондары: 8(7212) 996-384, 996-385
Электрондық мекен-жайы: surnacheva@cpm.kz
Почталық индекс: 100010
Көкшетау қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Көкшетау – Көкшетау төбесінде орналасқан және «Қазақ Швейцариясы» деген ақындық атауы бар қала. Көкшетау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2011 жылы құрылды. Филиалда 9 адамнан тұратын қызметкерлер командасы жұмыс істейді.
Филиал Ақмола облысы педагогтерінің кәсіби өсуін жетілдіру бойынша жұмыс істейді. Филиалдың басты жетістігінің бірі – облыстың жетекші мектептеріне жүйелі түрде әдістемелік қолдау көрсету. Филиалдың әдістемелік тақырыбы – «жүйелі қолдау көрсету және кәсіби даму құралдарын ұсыну арқылы жетекші мектеп үйлестірушілерінің көшбасшылық ұстанымын дамыту».
Жетекші мектептермен жұмыс тәжірибесінің нәтижелері 4 халықаралық конференцияларда ұсынылған (2016, 2018–World Association of Lesson Study, 2016, 2017 – VIII/IX «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларында).
Өңір жаңалықтары
17.04.2019
В центре внимания педагогов Акмолинской области –воспитательная работа
16.04.2019
Сотрудничество с колледжами: презентация особенностей обновленных программ
15.04.2019
Обмен опытом реализации методики CLIL
Табысты тәжірибелер
29.11.2017
Кошанов Серик Сулейменулы
24.04.2017
Кенжебаева Айгуль Кадыркызы
07.12.2016
Исаева Ирина Олеговна
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Көкшетау қ., Потанина көшесі, 27 Б
Байланыс телефондары: 8 (7162) 55-11-11
Электрондық мекен-жайы: ilyasova@cpm.kz
Почтлық индекс: 020000
Қостанай қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Қостанай қаласы –Тобыл өзенінің сол жағалауында орыс және украиндық қоныс аударушылар құрған, Азиядан Ресейге баратын жолда маңызды пункт болған, керуен жолдары өткен қала. Қостанай қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2012 жылы құрылды.
Филиалда жалпы білім беретін ұйымдардың педагог кадрларының біліктілігін арттыру Бағдарламасын жүзеге асыратын тренерлердің шығармашыл ұжымы жұмыс істейді. Теренерлер ересектерді оқытудағы үрдістер мен тәсілдерді біріктіре алады, әріптестерді off және online режимінде оқытуды әзірлеуге және өткізуге қабілетті.
Филиал жұмысының ерекшелігі – бұл оқытудағы графикалық органайзерлерді құру және педагогикалық мақсаттарға жету құралы ретінде ойын түрін пайдалану.
«Мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында жетекші мектеп педагогтерінің өзара әрекеттесуін басқаруды үйлестіру» әдістемелік тақырыбының жұмысы аясында біздің филиал педагогтердің зерттеу дағдыларын дамыту үшін «Insight лаборатория» педагогикалық ойыны құрастырды, мектеп басшыларына арналған «білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайында мектеп менеджерлерінің өзара әрекеттестігі арқылы мектепті дамытудың тиімді бағдарламасын құру» практикумы мен «педагогтерді кәсіби қолдауда визуалды коммуникация құралдары» әзірленді.
Өңір жаңалықтары
Табысты тәжірибелер
21.10.2019
Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна
11.07.2019
Туркова Ирина Александровна
11.07.2019
Дандыбаева Гульфия Тулегеновна
Байланыс мәліметтері
Мекенжай: Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы 65 "Қостанай" БО
Телефон: 8-7142-99-97-55, 8-7142-99-97-54
Электрондық адрес: kostanay@cpm.kz
Почталық индекс: 110000
Қызылорда қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Қызылорда қаласы – Сырдария өзенінің екі жақ жағасында орналасқан тарихқа бай өлке. «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы сол қалада орналасқан. Филиалда Қызылорда облысының педагог кадрларының біліктілігін арттырумен айналысатын 10 шығармашыл қызметкерден тұратын ұжым жұмыс істейді. Филиалдың негізгі ұстанымы – жалпы құндылықтарға, көшбасшылық мәдениетіне және жоғары кәсіби әлеуетке бағытталған даму.
Филиал білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын практикаға енгізу бойынша тірек алаңға айналған инновациялық мектептермен жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. «Әдістемелік керуен» жобасы аясында филиал білім беру ұйымдарын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ұйымдастырды.
2016 жылы филиал Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Идеяларды біріктіреміз, тәжірибені жетілдіреміз» әдістемелік фестивалінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша тренерлер тобы «Үздік тренер командасы» байқауында «кәсіби шеберлік және жоғары сапа» номинациясының иегері атанды.
Филиал зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оның мақсаты педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру болып табылады. Зерттеу нәтижелері Эксетер қаласында өткен «WALS – 2016» халықаралық конференциясының, Мәскеу қаласындағы жоғары Экономика мектебінің білім беру институтының ғылыми-практикалық конференциясында ұсынылды.
Өңір жаңалықтары
Табысты тәжірибелер
23.03.2017
Исследование урока в практике инновационных школ Кызылординской области
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Жақаева көшесі 7
Байланыс телефоны: 8 (7242) 26-29-17
Электрондық мекен-жайы: kamalova@cpm.kz
Почта индексі: 120000
Нұр-Сұлтан қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале
Өңір жаңалықтары
03.03.2017
Актуальные навыки для методистов при наблюдении урока
Табысты тәжірибелер
11.07.2019
Абдраманова Гульжанат Асановна
11.07.2019
Крылова Татьяна Константиновна
11.07.2019
Мукушева Куралай Балгабаевна
Павлодар қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Павлодар қ. – Ертіс әскери желісінің бір форпосты ретінде XVIII ғасырдың басында пайда болған Ертіс өзенінде орналасқан ескі қала. Бұл жерде «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы орналасқан. Филиалдың жалпы тәжірибесі 7 жылды құрайды. Осы кезеңде филиал базасында 5000 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Тренерлердің шығармашыл командасы жетекші мектептер, ЖОО, колледждер және мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы облыстың педагог кадрларының біліктілігін арттырумен және курстан кейінгі қолдаумен айналысады.
Филиал қызметкерлері жыл сайын кәсіби байқауларда өз шеберліктерін дәлелдейді: «Жыл тренері» конкурсы – III орын, «Идеяларды біріктіреміз, тәжірибені жетілдіреміз» фестивалінде «мақсаткерлік және жоғары нәтижелері үшін» номинациясы, «үздік тренерлік команда-2017» байқауы – ІІ дәрежелі диплом және «Көрермендер көзайымы» грамотасы.
Филиалдың тренерлері өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырады, өзін-өзі дамытудың жаңа жолдары мен әдістерін іздейді, халықаралық, республикалық, аймақтық конференциялардың белсенді қатысушылары болып табылады, кәсіби журналдарда және ғылыми конференциялардың жинақтарына материалдар жариялайды.
Өңір жаңалықтары
27.08.2019
Глобальные ценности и качество казахстанского образования
21.05.2019
Областной семинар для руководителей дошкольных учреждений и специалистов отделов образования
Табысты тәжірибелер
20.04.2017
Мухитова Татьяна Петровна
20.04.2017
Сейтова Кулбаршин Аркалыковна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
20.04.2017
Серикбаев Алмас Сансызбаевич
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Павлодар қ., Едыге би (Крупская көшесі), 71 Б
Байланыс телефондары: +7 7182 70 43 34, +7 7182 70 43 33
Электрондық мекен-жайы: sarbasov@cpm.kz
Почталық индекс: 140000
Петропавл қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Петропавл – Қазақстан Республикасының «солтүстік қақпасы» деп аталған қала. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болып табылады, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Петропавл қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы өз жұмысын 2013 жылы бастады. Алты жыл ішінде әртүрлі бағдарламалар бойынша 6000-ға жуық мұғалім оқытылды. Филиалдың тренерлер командасы «лидерлік ұстаным және жұмыстағы жеке жауапкершілік», «шешім қабылдаудағы коллаборативтік және тренерлік қызметтегі тренерлік сындарлылық тәсілдемесі» қағидаттарының негізінде жұмыс істейді. Біз үшін тренер болу – өзін-өзі дамыту мүмкіндігі, шексіз шығармашылық, қанағаттандыру және танылу. Біздің филиал тренерлері нәтижелерді көрсетуде тұрақты.
Филиалдың тренерлері үнемі өз білімін жетілдірумен айналысады, әлемге танымал ғалымдардың педагогикалық және психологиялық еңбектерін зерделейді және талқылайды, олардың тәжірибесін өз тәжірибесінде пайдаланады. Лондонда болып, Мәскеу бизнес-мектебі ұйымдастырған «көшбасшылық және басқару тиімділігі» семинарына және Санкт-Петербургте «Болашақ мектебін қалыптастыру» семинарына қатысты.
Өңір жаңалықтары
Байланыс мәліметтері
Адрес: г. Петропавлоск, ул. Нурсултана Назарбаева, 69а
Телефоны: 8(7152)62-76-07
Электронный адрес: tushinskaya@cpm.kz
Почтовый индекс: 150000
Талдықорған қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Талдықорған қаласы Жетісу өзенінің ортасында, Жоңғар Алатауының бөктерінде, Ұлы Жібек жолында Қаратал өзенінің бойында орналасқан. Талдықорған қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы өз қызметін 2011 жылы бастады. 15 адамнан тұратын тренерлер командасы біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқытумен, Алматы облысы педагогтерін курстан кейінгі әдістемелік қолдаумен айналысады.
Филиалдың халықаралық жұмыс тәжірибесі бар: Еуропалық Одақтың «Түркіменстандағы білім беру жүйесімен қарым-қатынас» жобасы аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, Түркіменстан Республикасының Ұлттық білім беру институтының қызметкерлері үшін «оқытудың инновациялық әдістері» курсы өткізілді.
«Формативті бағалау: мүмкіндіктер және жетілдіру жолдары» атты әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен серіктестік орнату жаңа сапалы деңгейде жұмыс істеуге ықпал етті. Филиал жаттықтырушыларының қолдауымен аталмыш ЖОО оқытушылары бағалау бойынша жаңа элективті курстар бағдарламасын әзірлейді. Сонымен қоса жоғары оқу орнымен бірлесе Бағалау бойынша ғылыми-практикалық конференциялар әзірленіп, өткізілді.
Табысты тәжірибелер
12.12.2018
Савчук Дмитрий Валерьевич
27.04.2017
Арынов Бакытнур Токтиярович
27.04.2017
Еликбаева Айгуль Мамырбековна
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Талдыкорган қ., Қаратал 47
Байланыс телефондары: 8 7282 41 12 42, 8 7282 41 12 43
Электрондық мекенжайы: ospanov@cpm.kz
Почталық индекс: 040000
Тараз қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Тараз – өткен дәуірдің VI-V ғғ. ғалымдар ашқан Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Тараз қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2012 жылы құрылды. Филиалда Жамбыл облысының педагог кадрларының біліктілігін арттырумен айналысатын тренерлер командасы жұмыс істейді. Жалпы алғанда тренерлермен 5000-нан астам педагог түрлі бағдарламалар бойынша оқытылды.
Филиалдың жұмысы «Іс-әрекеттегі зерттеу: мектеп пен мұғалімнің проблемаларын шешудегі тиімді жол» атты әдістемелік тақырыппен біріктіріледі. Зерттеу жұмыстарына өңір мектептерінің мұғалімдері тартылды. Филиал жаттықтырушыларының жоғары біліктілігінің арқасында осы бағыттағы жұмыс жоғары нәтиже береді. Мұғалімдер мен мектеп басшылары әртүрлі педагогикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып, жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар шығарады.
Байланыс мәліметтері
Мекен-жай: Тараз қ. Д.Қонаев к-сі 82
Телефондар: 8 (7262)999-555 , 999-556
Электронды пошта: naregeeva@cpm.kz, taraz-cpm@mail.ru
Почта индексі: 080000
Орал қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Орал – Батыс Қазақстандағы Каспий маңы ойпатының солтүстік шетінде, Шалқар көліне жақын орналасқан қала. «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2012 жылы құрылды. Орал қаласындағы Филиал өзекті білім беру жобаларын әзірлеудегі бастамашылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленеді:
Өңір жаңалықтары
25.12.2017
Вручение сертификатов международного образца
16.03.2017
Фестиваль «Калейдоскоп исследований»
16.03.2017
Встреча Акима Западно-Казахстанской области А.С. Кульгинова с работниками системы образования
Табысты тәжірибелер
28.05.2020
Сисенова Шолпан Сериккалиевна
28.05.2020
Ольховик Ирина Николаевна
28.05.2020
Дуйсенова Айнур Серикбаевна
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Орал қ., М.Мәметова көшесі, 81/2
Байланыс телефондары: 8 (7112) 546157
Электрондық мекен-жайы: obydenkina@cpm.kz
Почталық индекс: 090000
Өскемен қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Өскемен — Ертіс және Үлбі өзендерінің қосылған жерінде орналасқан Шығыс Қазақстандағы қала. Өскемен қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы 2011 жылы ашылды.
Филиал ұжымы Шығыс Қазақстан облысының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізеді, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің флагманы болып табылатын облыстың жетекші мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетеді және облыс педагогтерінің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасайды.
Филиал «ШҚО мектептерінде Сабақты зерттеу (Lesson Study)» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейді, оның мақсаты мектеп педагогтеріне рефлексия және мәліметтерді талдау негізінде оқытудағы кедергілерді жеңу үшін сабақты зерттеуді енгізу арқылы оқыту және оқыту тәжірибесін жақсартуға ықпал ету болып табылады. Ортақ зерттеу міндетімен байланысқан филиалдың әрбір тренер өз зерттеу тақырыбымен филиалдың әдістемелік тақырыбымен тығыз байланысты зерттеу мәселесімен жұмыс істейді.
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 37
Байланыс телефондары: 8-7232-56-06-78, 8-7232-56-06-77
Электрондық мекен-жайы: zeinoldina@cpm.kz
Почталық индекс: 070000
Шымкент қ. педагогикалық шеберлік орталығы
О филиале

Шымкент қаласы – 2012 жылы құрылған «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалы орналасқан Қазақстанның оңтүстігіндегі үшінші қала. Филиал ашылғаннан бері аймақтың 30000-нан астам мұғалімдері оқытылды.
Филиалдың тренерлері – кәсіби, креативті команда, пдегагоикалық кадрларды курстан кейінгі сүйемелдеу арқылы үздіксіз кәсіби біліммен айналысады. Тренерлер педагогикалық кадрларды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамын оқыту жобаларына қатысады. 2019 жылы филиал тренерлері Еуропалық Одақтың «Түркіменстандағы білім беру жүйесімен қарым-қатынас» жобасының қатысушылары болды.
Филиал ұжымдық рух және ұйымшылдығымен ерекшеленеді. Филиалдың «Жыл тренері» республикалық байқауындағы алғашқы жеңісі – 2 орын, «2017 жылдың үздік тренерлер командасы» байқауында 3-орын иеленуі атаулы оқиғаға айналды.Филиал аймақтың педагогикалық қоғамдастығы арасында беделге ие бола отырып, алға қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруда.
Өңір жаңалықтары
31.03.2017
Круглый стол на тему «Эффективность обратной связи в формативном оценивании»
Табысты тәжірибелер
09.03.2017
Савельева Светлана Владимировна
09.03.2017
Садырбаева Галия Усмановна
Байланыс мәліметтері
Мекен-жайы: Шымкент қ., К.Бектаев көшесі, 100
Байланыс телефондары: 8 (7252) 98-40-40, 98-40-41
Электрондық мекен-жайы: kalginbayeva@cpm.kz
Почталық индекс: 160000