Центр педагогического мастерства

Сейтова Кулбаршин Аркалыковна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

20.04.2017

Жұмыс орны: Павлодар облысы «Екібастұз қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Категория: жоғарғы 

2016 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогигакалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 344 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.

Педагогикалық өтілі: 32 жыл.

Кулбаршин Аркалыковна өз ісіне берілген, өз мамандығының қыр-сырын әбден меңгерген ұлағатты ұстаз.Әрбір мұғалімнің ұстаздық жолында өзіндік ерекшелігі болады. Кулбаршин Аркалыковна жан-жақты тынымсыз ізденімпаздығының арқасында, өз бойына берілген шығармашылығының арқасында шәкірттерге жан-жақты жаңа форматта сабақ беруімен ерекшеленеді. Өзі қызмет атқаратын мектепте «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білім сапасын арттыру және шығармашылықтарын шыңдау» тақырыбында жұмыс жасайды. Осы бағыт бойынша «Шешендік өнер», «Түркі халықтарының әдебиеті», «Халық ауыз әдебиеті» авторлық бағдарламаларының, «Балаларға базарлық» 5-6 сынып әдебиетіне көмекші құралдарының авторы.

Мектептегі «Дарын» театр үйірмесінің, «Ақындар мектебі» үйірмелерінің   жетекшісі. Ұстаздық қызметі мен ақындық өнерін егіз дамытқан мұғалім – қалалық,облыстық авторлық бағдарламалар сайысының және облыстық мұғалім қызметкерлер арасында өткен ақындар айтысының жүлдегері. Ұстаз қала, облыс, республика көлемінде түрлі шараларға қатысып, мазмұнды баяндамалар жазып, өзінің іс-тәжірибесін кеңінен таратуда. Ауыл мектептерінен өзінен әдістемелік көмек сұрап келген әріптестеріне Кулбаршин Аркалыковнаның есігі де, қабағы да әрқашан ашық.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» - бұл қаншалықты жаттанды болғанымен Кулбаршин сияқты ұстазға қарата айтқанда соншалықты жанданып, бояуы құлпырып кететін сөз. Бүгінгі таңда шәкірттері де кез келген сайыстардан, олимпиададан қатардан озып, үнемі жүлделі орын алып келеді. Қалалық іс-шараларда ұстаздың өзі де,оқушылары да бас жүлдені ешкімге берген емес десек, қателеспейміз. Оған дәлел 2013 жылы облыстық «Ұстаз-мектептің жүрегі» атты фильмдер байқауында Кулбаршин Аркалыковна жүлдегер атанды. Республикалық «Ұстаздар туралы ең үздік өлең-шығарма» байқауында дипломмен мараптталды. Ұстазға 2017 жылы қалалық «Таңдаулы ұстаз» номинациясы берілді. Осы жылы «Таңдаулы қазақ тілі мұғалімі-2017» байқауында бас жүлдені қоржынына байлады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «VIII Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатынасып, баяндамасы жинаққа еніп, алғыс хатпен марапатталды.

Кулбаршин Аркалыковна жетекшілік ететін «Дарын» театр үйірмесі үнемі схналық қойылымдарда бас жүлдемен марапатталады. Үйірмеге қатынасатын шәкірттері – әр түрлі сайыстардың жеңімпаздары. Атап айтсақ, Құрманиязова Айдана –Республикалық Абай оқуларының жүлдегері; Аппас Мадина- облыстық Мәшһүр Жүсіп, Махамбет оқуларының жүлдегері, Ғабдуллина Асыл –облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының жүлдегері; Татаева Хадиша –қазақ тілінен қашықтық олимпиада жеңімпазы; Какимов Бауыржан, Келгенбайұлы Ғасырсұлтан, Қайыр Қарақат, Қайдаров Бексұлтан- қалалық,  облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері.

2015-2016 оқу жылында 11-сынып оқушысы Тлепбергенова Дана өткен «Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың» жүлдегері атанса, 2016-2017 оқу жылында Ақтау қаласында өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ дәрежелі дипломмен мараптталып, күміс медаль тағып қайтты.

Осындай елеулі еңбегінің нәтижесінде ұстаздың есімі облыстық «Білім көкжиегі» кітабына енді. Сонымен қатар республикалық «Білім кілті», «Педагогикалық идея» республикалық журналдарына жаңа форматтағы сабақ үлгілері, мақалалары жарияланып тұрады. Ұстаз туралы «Педагогикалық идея» журналының №2 санына «Ұстаз болу – мінездің күн шуағы» атты Кулбаршин Аркалыковна туралы мақала шықты және қалалық «Жаныңда жүр жақсы адам» атты журнал-эстафетаға есімі жазылды.

Марапаттаулары:

  • Қалалықбілім бөлімінен Алғыс хат – 2013 жыл

  • Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталары -2012,2013,2014 ,2015,2016,2017 жылдар

  • Екібастұз қалалық әкімдігінен Алғыс хат – 2013, 2014 жылдар

  • Екібастұз қалалық әкімдігінің Құрмет грамотасы – 2011 жыл

  • ИПК «Өрлеу»-ден Алғыс хат – 2011 жыл

  • Облыстық білім бөлімінен Құрмет грамотасы – 2013 жыл

  • Облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы бойынша сертификат – 2016 жыл

  • Облыстық білім бөлімінен І дәрежелі диплом – 2013 жыл

  • Облыстық білім бөлімінен Алғыс хат – 2013 жыл

  • Облыстық білім бөлімінен Құттықтау хат – 2013 жыл

  • Республикалық Алғыс хат- 2016 жыл

  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған  VIII  С.Торайғыров оқулары» Алғыс хат-2016 жыл

  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына   Алғыс хат-2016 жыл

  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Грамота – 2016 жыл

  • «Тіл пәндері кабинеттер»  байқауының  Дипломы  І орын -2016 жыл

  • «Таңдаулы ұстаз» номинациясы және Құрмет грамотасы -2017 жыл


Возврат к списку