Центр педагогического мастерства

Рятова Сангуль Койшиевна

01.04.2017

Рятова Сангуль Койшиевна бастауыш сынып

Жұмыс орны: Ақтау қаласы №28 орта мектеп

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сонықтан,қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Біліктілік арттыру курстарынан кейінгі тәжірибемде өзгерістер пайда болды, бұл  менің педагогикалық шеберлігімнің шыңдалуы мен тиімді бола түскені байқалды.

Білім беру үрдісінде бұл модульдерді тәжірибеде іске асырған кезімде байқағаным:

-әр оқушы талқыланып жатқан мәселеге өз үлесін қосады;

-қарым-қатынас, пікір алмасу жүреді;

-сыныптан материалды түсініп кетеді;

-шаршамайды;

-жолдасының ойын аяғына дейін тыңдау,шыдамдылық;

-зейіні тұрақталады;

-сөйлеу мәнері қалыптасады;

-мәселені шешуге өз ой әрекетін жұмылдырады.

Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру  бағдарламасының тағы бір пайдасы сыныптағы оқушылардың сабаққа толық қатысуы. Күнделікті жай сабақта 3-4 бала ойын ортаға салып, сабаққа белсене қатысса, казір үлгерімді төмен оқушы да өз ойын пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс жасау барысындабірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйретеді. АКТ қолдануда жеке оқушыныңпәнге қызығушылығынартуын, оны  пайдалана отырып жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдетуге, сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға, сондай- ақ, ой түрткі салуға болатынын аңғардым, оқу процесінің қарқынының жоғарылауы,шығармашылық белсенділігінің көтерілуін байқадым және оқушы мен ұстаз қызметінде ақпараттық мәдениет қалыптасады.

Әрбір мұғалім жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс- тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс.Өйткені әр бала сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды бас мақсатым деп санайды, сондай-ақ өз айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.Сондықтан әрбір мұғалім оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды қабылдауға дайын болуы тиіс деп ойлаймын.

             


Возврат к списку