Центр педагогического мастерства

«Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың жолдары» атты облыстық семинар

Атырау қаласы Педагогикалық Шеберлік Орталығы филиалының жоспарына сай Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінде 2019 жыл 24 қаңтарда «Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың жолдары» атты облыстық семинар болып өтті.
Семинар мақсаты: педагогтардың бір-бірінен тәжірибе алмасуларына қолдау көрсету, кері байланыс алу, тәлімгерлік ету. Семинарға аталған мектеп «Білім-Инновация» лицейі– жетекші мектеп болғандықтан осы мектептің серіктес мектептері қатынасты. Семинарға Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры А.Т.Нуржанова мен филиал тренері А.С.Тажигалиева қатынасушыларға түрлі тақырыптағы құрылымдалған сабақты бақылау картасын таратып, сабақтарға бақылау жасау картасымен жұмыс жүргізуді  басшылыққа алды. Сабақты талдау кезінде мұғалімдер өздеріне берілген карталар бойынша сабақта сәтті болған тұстары  мен оқушының ойлау дағдысын дамыту үшін жасалған іс-әрекеттерін, қалыптастырушы бағалау үшін жасалған критерийлер  туралы пікір алмасты, сұхбаттасты, қатынасушылар сабақ өткізген мұғалімдерге кәсіби әңгімеге тарту мақсатында сұрақтар қойды. Сабақ өткізген «Білім-Инновация» лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Гочиява, химия пәні мұғалімі Ч.Араджы, қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Хасановалар өз сабақтарына кәсіби әңгімеге бағытталған кері және ілгері байланыс жасады.
Физика пәні мұғалімі А.Қазыбеков «Физика сабағында теориялық білімді тәжірибелік сабақтармен ұштастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Соңынан мұғалім Л.Омарханова «Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстелде» Атырау қаласы Педагогикалық Шеберлік Орталығы филиалының директоры Нұржанова Аида Төлеухановна жетекші мектептер мен серіктес мектептердің өзара ынтымақтасқан жұмысын тиімді үйлестіру бойынша ойларын ортаға салып, Педагогикалық Шеберлік Орталығының болашақтағы жетекші мектептердің ісшара жоспарларымен таныстырды, сонымен бірге, «Білім-Инновация» лицейі мұғалімдері тарапынан көрсетілген шараларға кері байланыс ретінде талқылау орын алды. Педагогикалық Шеберлік Орталығы филиалының тренері Тажигалиева Алтыншаш Сагиевна көтерілген мәселе бойынша мұғалімдердің жетілдіретін тұстарына ұсынысын білдірді.Талқылау барысында қатысушылар жалпы семинарға қатысты пікірлерін білдірді.
«Кәсіби даму дегеніміз – тәжірибе+рефлексия» формуласын есепке алатын болсақ, семинар соңында қатынасушылар осындай шаралардың мұғалімнің кәсіби тұрғыда дамып, тәжірибесін жетілдіріп, желілік қауымдастықта ынтымақтастықты арттырады деген тұжырымға келді.


Возврат к списку