Центр педагогического мастерства

«Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу. Рефлексия» тақырыбында Индер аудандық мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау көрсету

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына сай Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 2018 жылдың 12 желтоқсанында «Тиімді сабақ: Жоспарлау. Іс-әрекетті зерттеу. Рефлексия» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары өтті. Семинарға Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Т.Нуржанова мен орталықтың аға менеджерлері М.М.Телеубаев пен А.С.Тажигалиевалар қатысты.

Орталық директоры А.Т.Нуржанова Жалпы білім беретін орта мектептерде каскадты оқытудың басты нысаны – мұғалімнің кәсіби дамуын ықпалдастыру екені жөнінде және жетекші мектеп тренерлерінің серіктес мектептермен жұмысын жандандырудың қажеттілігін баяндады. Сондай-ақ жетекші мектептер серіктес мектептерді «қамқорлықтарына» алуына, және жетекші мектептер мектеп көшбасшыларына практикалық семинарлар мен, шеберлік сағаттарын өткізіп, сабақты жоспарлауға және бақылауға үйретуге, және Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеуді өткізу барысында кеңес беруге, оқыту іс-шараларын өткізуге, тиімді кері байланыс беруге мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде кеңес-сұхбат жүргізді.

Семинар қатынасушыларына құрылымдалған сабақты бақылау картасы таратылып, мектеп тренерлерін әр топқа қосылып, екі топқа бөлініп, сабақтарға қатынасты. Жүргізілген сабақ бойынша талдаулар жүрді. Сабақты талдау кезінде мұғалімдер өздеріне берілген карталар бойынша сабақта сәтті болған жерлері мен оқушының ойлау дағдысын дамыту үшін жасалған іс-әрекететтер, қалыптастырушы бағалау үшін жасалған критерийлердің дұрыстығы туралы айтып, басқа қатынасушылар болып «сабақты зерттеу дұрыс жүрді ме, жоқ па?» сол туралы пікір алмасты, сұхбаттасты, қатынасушылар сабақ өткізген мұғалімдерді кәсіби әңгімеге тарту мақсатында сұрақтар қойды. «Тәжірибедегі рефлексия» тренерлік курсын бітірген Ж.Қорғанбаева мен С.Мусабековалар коучинг жүргізу арқылы «Сыншы дос» қызметінің үлгісін берді. Орталықтың аға менеджерлері М.М.Телеубаев пен А.С.Тажигалиевалар семинарға қатынасқан мұғалімдермен «Бала арасы» әдісі бойынша кері байланыс жасады. Семинарға қатынасушылар сабақты зерттеу және оқушыны зерттеу жолдарын, кәсіби әңгімеге түсу, сұхбаттасу, сабаққа кері байланыс беру, оған қойылатын сұрақтар туралы, сыншы дос туралы түсініктерін кеңейтті. Бақылау карталарының түрлері мен сабақ құрылымына талдау жасауды практикалық тұрғыда біліп кетті.


Возврат к списку