Центр педагогического мастерства

Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік басқосуы – кәсібилікке үлес кепілі

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмыс жоспарына сай, 2018 жылдың 4 желтоқсан күні «Жалпы орта мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбындағы Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік семинары болып өтті.

Семинар мақсаты - Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету. Облыс мұғалімдерінің өз тәжірибелерін жақсарту үшін оларды педагогикалық тәсілдермен таныстыру, озық тәжірибелерімен бөлісу.

Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде педагогикалық тәсілдермен: тиімді сабақ жоспарлау, критериалды бағалау, кері байланыс, рефлексия арқылы сабақты жетілдіру мазмұны туралы тәжірибелермен танысады, түсінеді.

Пленарлық мәжілісте Атырау қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры А.Т.Айтпукешев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Қ.Р.Кенжеғалиев және Атырау қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры А.Т.Нуржанова баяндама жасады.

Практикалық жұмыстар бойынша «Пәндер арасында көлденең жоспарлау» тақырыбымен НЗМ пән мұғалімдері А.Т.Каменова, З.А.Айшуақова, А.М.Арыстанова, Д.С.Бурханова, А.Б.Тулешова, Г.С.Бейсенбековалар практикум-сабақтар жүргізді.

Облыстағы жетекші мектептердің әдістемелік семинар жұмысы бес алаңда жұмыс жасады. Жұмыс тақырыптары: «Оқу-тәрбие үрдісіндегі отбасы мен мектеп ынтымақтастығының ролі», «Математика пәнінің оқу бағдарламалары бойынша тапсырмаларды әзірлеу», «Информатика пәнінің оқу бағдарламалары бойынша тапсырмаларды әзірлеу», «Биология пәні мұғалімдерін тілдік интеграциялануға оқыту (CLIL)» «Мектеп кітапханашыларына әдістемелік жоспарларын әзірлеу». Мұғалімдер өз тәжірибелік жұмыстарын жүргізу арқылы өздерінің іскерлік дағдыларын, білімдерін, кәсіби шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар жұмысында оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту, білім   берудің басым мақсаттарының бірі ретінде - мектеп   оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға   баса назар аудару, оқыту мен тәрбиелеуде әлемдік технологияларды оқып- үйрену, оны оқыту үрдісінде кеңінен қолдану, критериалды бағалау жүйесін баланың оқуға қызығушылығы мен өзін-өзі реттей алуға бағыттауды басты назарда ұстап, тәжірибеге тиімді енгізу проблемалары қамтылды.


Возврат к списку