Центр педагогического мастерства

Назарбаев Зияткерлік мектептері ұсынған «100 ән, 100 кітап» жобасы Аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай«25 ән, 25 кітап»бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы
орта мектеп директоры
Ғаниева Гүлжан Көбейқызы,
Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Ақкөл орта мектебінің ғылыми әдістемелік
 жұмыстары жөніндегі орынбасары
Төленді Сәбит Төлендіұлы

Назарбаев Зияткерлік мектептері ұсынған «100 ән, 100 кітап» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай«25 ән, 25 кітап» жобасы. 

  Н.Ә.Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап» деген. Себебі, кітап адамның рухани дүниесін байытатын сөздік қоры мен ойлау дағдыларын қалыптастыратын адамның жан дүниесінің серігі. Егер әрбір жас ұрпақ кітапты өзіне серік ете алса, келешекте рухы биік, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болары сөзсіз.
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалында мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсының тренері Ғ.Н.Толықбаеваның  6-тобы курс барысында атқарылған  бірінші «бетпе-бет» кезеңіндегі теорияны мектепте іске асыру барысында Н.Ә.Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ның тәжірибесін ауыл мектептеріне үлгі ете отырып,  тобымыздағы үш облыс және Алматы қаласынан келген тыңдаушылар   Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына орай «25 ән, 25 кітап» жобасының басымдықтарының  бірі етіп алды. Бағдарламаның мақсаты ұлттық  зияткерлік құндылықтарды  қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру,  оқушылардың тілдік қорын арттыру, рухани байыту, кітаптан үйренген тәлім-тәрбиені өмірде қолдану, Қазақстанның көркем әдебиетін насихаттау, өз бетінше оқу дағдысын дамыту, өз ойларын еркін жеткізу, эссе жазу дағдыларын қалыптастыру болды.
«25 ән, 25 кітап» жобасының орындалуы үшін мектеп басшылары өз мектептерінде айтарлықтай көлемді іс-шаралардың өткізілуіне мұрындық бола білді.

   Әріптестердің мектеп тәжірибесінде өткізілген «25 ән, 25 кітап» жобасының іс-шараларына тоқталсақ: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы “Бірлесу-Еңбек” орта мектеп  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Қ.М.Исмайлованың кітаптар мен әндер туралы тәрбие сағаттары, патриоттық әндер байқауы 5-11 сыныптар арасында өткізілсе,Алматы облысы,Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы А.С.Пушкин атындағы орта мектеп  директоры А.Қанатқызы мектеп тәжірибе кезінде 25 әнді дәріптеу мақсатында музыка сабағында әндердің шығу тарихымен таныстырылуы,  Жамбыл облысы Шу ауданы Ә.Молдағұлова орта мектебінің директоры К.Бабасова тәжірибе кезінде «25 ән» атты байқауы және мектепте 25 кітап көрмесінің ұйымдастырылуы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектеп  директоры Г.К.Ғаниеваның бұл бағдарламаны мұғалімдер арасында өткізіп, кітапханада кітап акциясының ұйымдастырылуы,Жамбыл облысы, Тараз қаласы М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінің директоры Н.Қараулованың мектебіндегі «25 ән» фестивалі «25 кітап» акциясы,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.У.Паизлақызының поэзия кешінің ұйымдастырылуы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбарсары М.Нүсіпбекованың ұйымдастыруымен «Бір мақала ізімен» атты оқырмандар конференциясынаАсылы Османныңкелуі, Алматы қаласы №122 мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Утеулинованың ұйымдастыруымен дәстүрлі желтоқсан қайраткерлерімен кездесу болып өтті. Кеште патриоттық әндер айтылып, ақын А.Кәріпжан әулеті жастарды кітап оқуға шақырды.Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Қарагулованың бастамасымен, осы мектепте қазақ әдебиеті сабағында «25 әннің» кезегімен іске асуыбағдарламаның орындалуының айғағы деп білеміз. Әрине, бұл іс-шара ары қарай жалғасын табары сөзсіз. Осы іс-шараның өткізілуінің нәтижесінде оқушының осы бағдарлама аясына қатыса отырып, кітапханаға, кітап оқуға деген қызығушылығы артады. Кітап оқымайтын оқушылардың танымдық үдерісіне әсерін тигізеді. 

  Мұғалімдер өткізілген іс-шараның негізгі идеясын түсініп, ата-ана мен оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді. Еліміздің ақын –жазушыларын, композиторларын насихаттай отырып, кітапхана қорындағы танымдық құндылықтарын таныта білді. Осындай қарқынмен басталған іс-шара жалғасын табатындығына сенімдіміз. «Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді ұрпақ» олай болса, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, іргесінің берік болуы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру ұстаздарымыздың басты борышы деп санаймыз.

                                 9.jpg

Бұл фотоколлажда ауыл мектептерінің «25 ән, 25 кітап» бағдарламасын іске асыру сәті  


Возврат к списку