Педагогикалық шеберлік орталығы

Садырбаева Галия Усмановна

09.03.2017

Садырбаева Галия Усманқызы ағылшын тілі мұғалімі

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясы.

Санаты: жоғары

2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасы аясында бірінші (ілгері) деңгейі курсын аяқтады.

Еңбек өтілі: 38 жыл

 Садырбаева ГГалия Усманқызының оқушылары әлемнің бірнеше мемлекеттерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Австралия, Финляндия, Қытай, Малайзия) жұмыс жасайды.

 Галия Усманқызы шығармашылықпен айналысып, педагогикалық міндеттерді айқындай алатын, артынан оқушылары мен әріптестерін ерте білетін маман.

 Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі жанындағы британдық кеңес тренері бола тұра, мектептегі мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағғдай жасап, мүмкіндіктер туғызуда.

  2008-2012 жылдарда Румыния мен Непалда оқып келгеннен кейін 32 тренер, 180 мұғалімді ағылшын тіліне оқытып, әр пәннен тәлім алушы 56 мұғалімді даярлады.

  2014 жылы деңгейлік бағдарламадан өткен соң, Галия Усманқызы № 8 мектептегі пәнаралық кәсіби педагогикалық қоғамдастықты басқаруда. Көптілділік пен функционалдық сауаттылықты ендіру аясында 7 модульді ендіру мақсатын көздейді.

Сертификат  Жаңартылған білім беру бағдарламасымен жұмыс жасау барысында мұғалімдердің алдына сабақты тиімді жоспарлау мен келесі мәселелер көтеріледі:

- коучинг пен менторинг арқылы әріптестерге тиімді оқытуға қолдау көрсету;

- оқыту үдерісін жақсарту мақсатында және оқушылардың сындарлы ойлау жүйесін қалыптастыру да білім беру саласындағы шешімі қиын мәселелер туралы ойлану;

- өзгерістерді ендіруде әдістемелік қор немесе жинақ ұйымдастырып, оқу үдерісінің әр кезеңінде тиімділікті арттыру.

  «Digital resources for teaching English» авторы болып саналғандықтан, Галия Усманқызы британдық кеңес тарапынан ұсынылған электронды ресурстарды қолдану мен ағылшын тіліне қала ғана емес облыс мұғалімдерін үйретіп, таныстырылымдар мен тренингтер өткізуде.

 


Тізімге кері қайту