Педагогикалық шеберлік орталығы

Савельева Светлана Владимировна

09.03.2017

Савельева Светлана Владимировна

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Сейфуллин атындағы Коммуналдық мемлекеттік білім беретін жалпы орта мектебі

Пәні: физика-математика

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 32 жыл

Савельева Светлана Владимировна

  2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасы аясында бірінші (ілгері) деңгейі курсын аяқтады. 2016 жылы «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбында Шымкент қаласындағы ПШО филиалында курстан өтті.

  Савельева Светлана Владимировна – білім берудегі жаңа тәсілдерді үздіксіз іздестіріп жүретін педагог. Жаңа әдістерді сабағына қорықпастан, сенімді түрде ендіре білетін білікті маман. С.В.Савельеваның сабақтары мақсаттылық пен жете жоспарланғаны көрініп тұрады. Сабақ барысында қолданған әдістері тақырыпты меңгеруге септігін тигізері сөзсіз. Әрбір сабағы бірін бірі қайталамай, есесіне жетілдіріліп толыға түсуде.

  Светлана Владимировна мектеп мұғалімдерімен ғана шектелмей жақын маңдағы мектеп мұғалімдерімен де тығыз жұмыс жасап, белсенділік танытуда. Деңгейлік бағдарлама идеясын ендіре отырып, жаңа идеялардың ұйытқысы болатын жоғары білікті көшбасшы. Оның белсенділігінің арқасында оқушылары мен мектеп мұғалімдері қашықтық олимпиадаларға қатысуда.

  2016 жылы Светлана Владимировна халықаралық «Интербриг» байқауына қатысып, «Заманауи сабақ» аталымы  бойынша ІІІ орынға ие болуда.

  КИО олимпиадасының белсенді қатысушысы болып, Бүкілресейлік кәсіби білім беру саласындағы байқауда «Үздік шығармашылық зерттеу жобасы» бойынша ІІ орынға ие болды.

  2016 жылдың наурызында «Үздік сабақ» номинациясы бойынша Республикалық байқауға қатысып сертификатталған.

Диплом  2016 жылдың мамырында С.В.Савельева Бүкілресейлік педагогикалық конкурсқа қатысып, «Ашық сабақ» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

  2016 жылдың қарашасында Еуразия Генофонды байқауында «Ең үздік заманауи сабақ» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

  Светлана Владимировнамен сабақты зерттеу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Ол өз тәжірибесімен Халықаралық Қазақстандық журналда «Заманауи ғылымның парадигмалары» тақырыбында ой бөліскен болатын.

  Светлана Владимировна мына басылымдарда жарияланымдары жарыққа шықты: Республикалық қашықтық «Просвещение» журналының №1,2 саны, Республикалық «Вестник КИО» журналы, «Білім шыңы» Өрлеу журналы, Білім беру порталдары мен сайттарында жарияланған 50-ден астам басылымдары бар.



Тізімге кері қайту