Педагогикалық шеберлік орталығы

Қызылорда облысының инновациялық мектептер тәжірибесіндегі Сабақты зерттеу үдерісі

23.03.2017

Безымянный.jpg

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысының әкімдігінің меморандумы аясында құрылған инновациялық мектептер тәжірибесіне Сабақты зерттеу тәсілін енгізу мақсатында 2015-2016 оқу жылында «Құзыреттілік орталығы» құрылып, әр мектепте осы үдеріске жауапты координаторлар тағайындалды. Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Қ.Абдраманова және Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері З.Идришева мектеп тәжірибесіне Сабақты зерттеу үдерісінің оңтайлы енуі және оның мектеп мәдениетіне жағымды ықпалын анықтау үшін зерттеу жүргізді. 

Зерттеу нәтижесін 2016 жылы Ұлыбританияның Эксетер қаласында өткен Сабақты зерттеудің бүкіл әлемдік ассоциациясының Х конференциясына ұсынды. 

Конференцияда тренерлер баяндамасы венгерлік, монғолиялық әріптестердің қызығушылығын тудырды. Венгрияның Мәдениетаралық психология және білім институтының Ph.D., қауымдастырылған профессор Янош Гиори бұл зерттеу жұмысына байланысты өз ойын білдірді: ... Мен мемлекет тарапынан бастамашылық жасалып, тәжірибеде жүзеге асырылып және қолдау тауып отырған Сіздердің еліңізге қызығып отырмын. Сіздердегі инновациялар мемлекеттік саясат мәртебесіне ие және top-down (жоғарыдан төмен қарай) енгізілуде. 

Алайда бұл жүйенің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болуы мүмкін. Келешекте сәтсіздіктерді болдырмау мақсатында, менің пікірімше, мектептерге іс-тәжірибеге Сабақты Зерттеуді енгізуде анағұрлым көбірек тәуелсіздік беру керек... Ал жапониялық зерттеуші ғалым Тошия Чичибу Сабақты зерттеуді мектеп тәжірибесіне алғаш рет енгізуде мектеп көшбасшыларына сыртқы қолдаудың қажет екендігіне аса назар аударып, ПШО тренерлері сыртқы эксперт ретінде тиімді жұмыс жасай алатындығына тоқталды. Қызылорда өңірінің инновациялық мектептер тәжірибесі көрсеткендей енгізілген инновацияның оңтайлы нәтиже беруіне Сабақты зерттеу тәсілінің ықпалы зор. 


Тізімге кері қайту