Педагогикалық шеберлік орталығы

Табысты практика

Қызылорда облысының инновациялық мектептер тәжірибесіндегі Сабақты зерттеу үдерісі
23.03.2017
Қызылорда облысының инновациялық мектептер тәжірибесіндегі Сабақты зерттеу үдерісі
   

  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысының әкімдігінің меморандумы аясында құрылған инновациялық мектептер тәжірибесіне Сабақты зерттеу тәсілін енгізу мақсатында 2015-2016 оқу жылында «Құзыреттілік орталығы» құрылып, әр мектепте осы үдеріске жауапты координаторлар тағайындалды. Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Қ.Абдраманова және Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері З.Идришева мектеп тәжірибесіне Сабақты зерттеу үдерісінің оңтайлы енуі және оның мектеп мәдениетіне жағымды ықпалын анықтау үшін зерттеу жүргізді.        Зерттеу нәтижесін 2016 жылы Ұлыбританияның Эксетер қаласында өткен Сабақты зерттеудің бүкіл әлемдік ассоциациясының Х конференциясына ұсынды.  Конференцияда тренерлер баяндамасы венгерлік, монғолиялық әріптестердің қызығушылығын тудырды.