Педагогикалық шеберлік орталығы

Ракецкая Айганым Габдоловна

14.04.2017 Ракецкая.jpgЖұмыс орны: Қостанай қаласының С.Мауленов атындағы гимназиясы, Қостанай облысы
Оқытатын пәні: Математика
Санаты: жоғары
Жұмыс өтілі: 37 жыл 
Ракецкая Айганым Габдоловна 2014 жылы Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалар шеңберінде мұғалімдерді оқыту курстарының бірінші (ілгері) деңгейі бойынша оқудан өтті.
Айганым Габдоловна жұмысымен өзін нағыз кәсіпқой, шығармашыл, білімді, жоғары дәрежелі мұғалім ретінде таныта білді. Айганым Габдоловна – ізденімпаз, өз ісіне берілген педагог. Өз тәжірибесінде дәстүрлі оқыту түрлері және әдістерімен қатар сындарлы ойлауды дамытудың, интербелсенді, проблемалық, дамытушылық оқыту технологияларының элементтерін және зерттеушілік пен жобалық қызмет әдістерін қолданады.
Әдістерді, құралдарды, оқыту мен тәрбиелеу түрлерін тиімді іріктейді, сабақтарға арнап дидактикалық материалдарды әзірлейді. Пән бойынша бес қолданбалы курстың авторы.
Ракецкая-2.jpg А.Г.Ракецкаяның оқушылары жыл сайын қалалық, облыстық, аймақтық оқушылардың жобалық жұмыстарының ғылыми-практикалық конференцияларына қатысады. Айганым Габдолловнаның екі оқушысы ғылыми жобалардың Халықаралық сайысына қатысты. 2016-2017 оқу жылында оның оқушысы Жундубаев Рустем Корея мемлекетінде өткен халықаралық ғылыми жобалардың сайысында – 2 орынға, ал Республикалық сайыста – 3 орынға ие болды. 5-сыныптың бес оқушысы математика пәні бойынша қалалық зияткерлік ойынында екінші орын алды.
Ракецкая Айганым Габдоловна – С.Мауленов атындағы гимназиясының мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын басқарып келеді. А.Г.Ракецкая мектеп мұғалімдерімен қатар, көршілес мектептерінің мұғалімдерінің арасында да зор еңбек атқарып келе жатыр. Деңгейлік бағдарламалардың модульдерінің негізгі идеяларын енгізе келе, ол мектептегі инновациялық идеялардың және жобалардың бастамашысы болып келеді. Айганым Габдоловна бірнеше рет пән бойынша және оқыту мен оқытудағы инновациялар бойынша облыстық және қалалық семинарлар үшін жауапты болды.

Тізімге кері қайту