Педагогикалық шеберлік орталығы

Қалмаханова Айгүл Базарбайқызы

Калмаханова Айгуль Базарбаевна 28.03.2017 Қалмаханова Айгүл Базарбайқызы
Жұмыс орны: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Б. Бесбаев атындағы орта мектебі
Орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімі, шақыртылған тренер
Категориясы: жоғары
Жұмыс өтілі: 19 жыл
2015 жылы ҚР орта білім мазмұның жаңарту бағдарламасы аясында тренерлер және критериалды бағалау тренерлер курсын тәмамдаған.
Педагогикалық стажы: жоғары
Калмаханова Айгуль Базарбайқызы- үнемі ізденістегі мұғалім және тренер.
Алматы қаласында 28-ші наурыз күні қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдерінің арасында “Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: ойнай отырып оқимыз” атты республикалық бейнесабақ көріністері байқауы өтті.Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен «Алматы кітап» және «Express Publishing» баспалары болды.ҚР орта білім мазмұның жаңарту бағдарламасы аясында 2016-2017 оқу жылдары барлық бірінші сыныптарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту басталды. Осыған орай байқаудың негізгі мақсаты- сабақта республика мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін жариялау және тарату, бірінші сыныпқа арналған тілдерді оқытудағы ерекше көзге түскен бейнесабақтардың қорын жасақтау болды. Байқауда орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына, оқудың және оқытудың инновациялық өзгеруіндегі бастауыш сыныптардың функционалды қабілеттілігін қалыптастыруына сәйкес бағаланды. Республикалық байқауға Жамбыл облысының педагогтері белсене қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша Жамбыл ауданы Баймырза Бесбаев орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.Б.Қалмаханова - І орынды, Тараз қаласының №7 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәні Г.Гасанова - ІІ орынды, Байзақ ауданы Г.Мұратбаев атындағы ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Ничаева «Ағылшын тілі- бірінші сынып оқушылары үшін» номинациясын, Тараз қаласының №7 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Алимжанова Алғыс хат иеленді.

IMG-20170328-WA0048.jpg


Тізімге кері қайту