Педагогикалық шеберлік орталығы

Савчук Дмитрий Валерьевич

12.12.2018

882.jpgАлакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қабанбай №1 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. Халықаралық мұғалімдер одағының мүшесі. Білім беру саласындағы мемлекетаралық сараптама кеңесінің мүшесі. Мемлекетаралық «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгі иесі,   «Асыл ұстаз » және «Үздік білім беруші» медальдарының иегері.   2015 жылы білім беру ұйымдарының басшылары үшін 9 айлық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Республикалық мектеп директорларының байқауында 2 орынға иеленді. «Микробиология » элективті курсының және «Химия » факультативінің авторлық бағдарламалардың авторы. Оқушыларды дайындауда 1500 және 3000 доллар білім грантын иеленіп, облысытқ пән олимпиадаларында жүлделі орын алған. Үздік авторлық бағдарламалар конкурсында 1 орын иегері. Телеарналарда оның қатысуымен «Дарынды балалармен мұғалімдердің жұмысы» атты фильм көрсетілді. «Білім саласындағы ең жақсылар» жинағы, «Қазақстандағы қазіргі заманауи білім» және «Балаларға берілген жүрек» атты халықаралық жинақта жұмыс тәжірибесін жарыққа шығарды. Облыс әкімінің және аудан әкімінің, білім беру бөлімінен құрмет граммотасымен, алғыс хаттармен мараматталды.

IMG-20181018-WA0009.jpg

IMG-20180302-WA0018.jpg

IMG-20180302-WA0014.jpg


Тізімге кері қайту