Педагогикалық шеберлік орталығы

Еликбаева Айгуль Мамырбековна

27.04.2017

Мамандығы: информатика пәнінің мұғалімі
Жұмыс орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алтын ауыл орта мектебі
Еңбек өтілі: 19 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Білімі: жоғары
Ғылыми дәрежесі: жаратылыс ғылымдарының магистрі
Бітірген оқу орны:
1. 1992-1996ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті, физика-математика факультеті, мамандығы: «физика-информатика», бакалавр;
2. 2012-2014ж. Х.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің магистранты, жаратылыс ғылымдарының магистрі. (Мамандығы: «Информатика»).
Педагогтың негізгі ұстанымы – сындарлы оқыту теориясы негізінде сандық ресурстарды интерактивті тәсілдер арқылы меңгертіп, оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілеті мен ақпараттық мәдениетін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 

Деңгейлік курстарды 2014ж. аяқтаған соң Айгүл Мамырбекқызы мектептің «Зерде» кәсіби педагогикалық қоғамдастығының жұмысын басқарды. Деңгейлік курс аяқтаған мұғалімдер арасында тәлімгерлік жұмысты сапалы жүргізді. Оның айғағы тәлім алушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Шулбаева облыстық «Жыл мұғалімі-2014» байқауында номинация иегері, аудандық «Жыл мұғалімі - 2015» байқауында математика пәнінің мұғалімі Ж.Нұрманова 1-орын, «Жыл мұғалімі-2016» байқауында бастауыш сынып мұғалімі В.Дьяченко 1-орын иеленсе, Облыстық «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» байқауында Ә.Ахметов «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясының иегері атанды.

Курстан өтуі: I(ілгері) деңгей бағдарламасының сертификаты (Талдықорған қаласы, ПШО 2014ж), «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін 5-сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі» (АҚ «Өрлеу» БАҰО, 2016ж.), «Білім беру үрдісінде лингафондық-мультимедиалық бағдарламаларды қолдану әдістемесі бойынша семинар-тренинг (Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, 2016ж), «Робот техникасы» (Талдықорған қаласы, 2016ж), Мектеп тренерінің «Тәжірибедегі рефлексия» курсының сертификаты (Талдықорған қаласы, ПШО, 2016ж.), ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Информатика» пәні бойынша тренерлерді оқыту курсының сертификаты (Астана қаласы, 2016ж)
Байқауларға қатысуы: Облыстық “Үздік информатика пәнінің мұғалімі” (2015ж), Облыстық “Үздік педагог-2015” байқауы 1-орын, Республикалық “Үздік педагог” байқауының жеңімпазы, : Іс-әрекетті зерттеу аясында жазған “Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу” атты авторлық оқу-әдістемелік құралы Павлодар қаласында 2016 жылғы 23-24 маусымда өткен «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» атты ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының «Білім беру үдерісін технологияландыру мектептік білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде» бағыты бойынша сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, І дәрежелі дипломмен марапатталып, 1-орын иегері атанды. (Павлодар қаласы, 2016ж.) Қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы ПШО тренері Казыгулова Гаухар Ясынқызының басшылығы мен бағыт беруімен «Тиімді түсініктеме беру – оқушы жауапкершілігін арттырудың тиімді тәсілі» атты тақырыпта Алматы облысының 4 мектебінде аймақтық іс-әрекетті зерттеу жұмыстары тиімді жүргізіліп, оң нәтижелерін беруде.
Авторлық оқу-әдістемелік құралдары: “Scratch ортасында программалау” (Алматы, 2015ж.), “Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу” (Алматы, 2015ж.).
Марапатталуы: Республикалық “2015 жылдың үздік педагогі” атағы мен төсбелгісінің иегері


Тізімге кері қайту