Педагогикалық шеберлік орталығы

Арынов Бақытнұр Тоқтиярович

27.04.2017

Жұмыс орны: Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 Ю.Гагарин атындағы арнаулы гимназиясы, Алматы облысы, Талғар қаласы
Санаты: жоғары
Педогогикалық өтілі: 26 жыл
2014 жылы Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей курсын аяқтады, 2016 жылы «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлері курсын аяқтады.

2016 жылы Астана қаласында «Назарбаев зяткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері», 2017 жылы «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша тренерлерді оқыту курсын аяқтады.

Бақытнұр Тохтиярович өз ісінің білгір әрі білікті маманы. Оның еңбексүйгіштігі мен әріптестерімен қарым-қатынасындағы мәдениеттілігі жоғары деңгейдегі ұстаз шеберлігінің көрінісі. Мұғалімдік ұстанымының басты қағидасы жас ұрпақтың бойындағы дарындылық қабілеттерін ашып, оларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Сонымен қатар тәжірибелі ұстаз ретінде жас мамандарға мұғалімдік істі меңгерулеріне көшбасшы ретінде тәлімгерлік жұмысты үзбей жүргізеді. Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде жүргізіп келе жатқан он жылдың көлемінде (2018 жылдан) Бақытнұр Тохтиярович оқыту технологияларын үздіксіз жетілдіру арқылы өзіндік педагогикалық қолтаңбасын қалыптастырды. Осы бағытта ол «Қазақстан тарихын» оқытудағы «Қазақша-Орысша сөздік» құрастырды, «Оқу үдерісін технологизациялау және модулдеуде Блум таксономиясын қолдану» тақырыбында І Облыстық және І Республикалық педогогикалық оқуларға қатысып, ІІІ орын және «үздік жұмысы үшін» марапатталды. Көптілділікті ендіру және оны тиімді оқытуға үш тілде әзірленген «Тарих пен тіл рухани бастау көзі» әдістемелік құралдың авторы (Б.Т.Арынов; Е.М. Беленкова).

Оқушылардың тарих және қоғамдық пәндерді оқып-үйренуге бағытталған «Зерде» ғылыми-практикалық қоғамын құрушы әрі жетекшісі. Оқушылары облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық конкурстарының жеңімпаздары, екі оқушысы КИО олимпиадасында тарих пәні бойынша Республикада ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұйымдастырылатын «Әл-Фараби» оқуларына оқушылары үзбей қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
2014 жылдан бергі кәсіби жұмысының дамуы, Талдықорған қаласындағы Педагог кадрларын жетілдіру орталығымен тығыз байланысты. Ол мектепте мұғалімдердің «Зейін» мұғалімдер қоғамдастығын құрып, оның жұмысын үйлестіруші ретінде өзінің жақсы ұйымдастырушы қабілеті бар екенін көрсете алды. Мектептің даму жоспарында құзырлы оқытуды енгізу жолдарына баса назар аудару арқылы мұғалімдердің білім-біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды енгізу және жүзеге асыруды ылғи назарынан тыс қалдырмайды. Құзырлы оқыту идеяларын тарқату, оқу мен оқыту үдерісіне енгізуге барынша ықпал етуде. Атап айтқанда «Педогогикалық кадрларын жетілдіру» орталығының аға менеджері Г.Я.Казыгулова жетекшілігімен «Коучинг сессиясын жоспарлау: Коучинг құралдары және оның тиімділігін бағалау» атты әдістемелік нұсқаулық шығаруға қатысты. (Астана 2016). Сонымен қатар «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ әзірлеген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Білім Беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» баяндамалар жинағына «Тарих пәнін оқытуда білім ресурстарын АКТ мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушылар бойында функционалдық сауаттылық қалыптастырудың жолдары» атты мақаласы жарық көрді (Астана, қазан 2015 жыл).
Б.Т. Арынов өз тәжірибелері мен идеяларын тарату арқылы білім саласында жүргізіліп жатқан өзгерістердің мәні мен мазмұнын түсіндіруге, тиімділігін дәріптеуге бағытталған практикалық жұмыстарды Республика және облыс көлемінде өткізілген семинарларда барынша кең насихаттауда. 

Тәлімгер ұстаз ретінде қолжеткізген жетістігі ретінде оның жетекшілігімен жас маман-психолог Г.Ғ. Сәндібекова «Оқушыларды кәсіпке бейімдеудің психологиясы» атты таңдау курсы бағдарламасының жасалуы, енгізілуі, әдістемелік құрал ретінде жарыққа шығуын айтуға болады.(Алматы 2016).
«Облыстық әдістемелік кабинет» шығарған: «Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жетілдірудің әдістемелік жолдары» (Талдықорған 2015), «Әдістемелік қызымет үдерісін жетілдіру» (Талдықорған 2017), «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы шығарған «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзіреттілік тәсіл-табысты мектепке қадам» (Астана, «Дарын», 2015) жинақтарында сындарлы оқыту мәселелері тұралы мақалалары жарық көрді.
Г.Я. Казыгулованың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан «Сындарлы түсініктеме беру – оқушының өз оқуына жауапкершілігін арттырудың тиімді тәсілі» зерттеу жобасына қатысады, осы мәселеге байланысты 2017 жылы Талғар қаласында «Қалыптастырушы бағалау заманауи білім беруге жол ашатын қуатты оқыту тәсілі» тақырыбында облыстық семинарды ұйымдастыру мен өткізуге ат салысты. Мектеп тренері ретінде «Тәжірибедегі рефлексия» курсын 2016-2017 оқу жылында жүргізіп, гимназияның 23 мұғалімі оқып, курсты табысты аяқтап куәліктерін алды.
2016 жылы «Дарын» Республикалық Ғылыми-Практикалық Орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» конкурысына қатысып, «Өз ісінің шебері» номинациясына иеленді.

2016 жылы Республикалық Қазақстан тарихы пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.


Тізімге кері қайту