Педагогикалық шеберлік орталығы

Ербалюкова Бибигуль Казиевна

26.04.2017

Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектебінің жоғары санатты химия және биология  пәнінің мұғалімі, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған ұстаз.

001 (1).jpg

Бибигуль Казиевна өз пәнінің білгір маманы, оқушылардың химия және биология пәніне деген қызығушылығын дамытып, қазіргі сабақ беруде жаңа технологиялармен әдістерді жетік меңгерген. Химия пәні мұғалімдері арасында  Бибигуль Казиевнаның орны ерекше. Ол өз тәжірибесімен әрдайым бөлісіп, ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізіп, республика, облыс, қала бойынша семинарлар мен конференцияларда баяндама жасап, баспа беттерінде материалдарын жариялап, әдістемелік нұсқауларын шығарды. Республика, облыс және қала мектептері мұғалімдеріне инновация және халықаралық бағдарламалары  бойынша қайта даярлау курстарында тәжірибе тарату ретінде дәріс береді.


IMG-20160517-WA0004.jpg

Оқушылар жыл сайын химия пәні бойынша халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадаларының және ғылыми жобаларының жүлдегерлері болып жүр. Мектеп бітірушілердің ҰБТ бойынша химиядан сапа көрсеткіші 100%. Бұл мұғалімнің жоғары шығармашылық потенциалы мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Бибігүл Казиевна 2000 жылы №30 орта мектеп жанынан құрылған Дебат, GLOBE және Сана одиссея деген үш халықаралық жобалар бойынша жұмыс істейтін облыстық «Жас Дарын» орталығының жетекшісі болып келеді.

2000 жылдан облыс орталығының жетекшісі болып табылады, ол кезде №30 орта мектепке "Жас Дарын" Бибігүл Казиевна.


20161001_162411(0).jpg

Жеке өзі және шәкірттері Европаның, АҚШ-тың ЖОО-да өткен халықаралық интеллектуалды-шығармашылық «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасы бойынша және қалалық, облыстық жеңімпаздары болып жүр. 2016ж. және 2017ж. Республикалық фестивалінің қорытынысы бойынша «Қазақстан Чемпионы» атты кубогінің иегері болды.2015ж. Алматы қаласындағы Сулейман Димерел атындағы университетінде өткен ресрубликалық турниріне «Нысана» командасы қатысты.

Бибигуль Казиевнаның нәтижелі еңбектері ескеріліп, көптеген марапаттарға ие болды. 2016 жылғы «Кәсіби саладағы еңбегі үшін» медалінің иегері. 25-26.02.2016 жылы Москва қаласында өткен ғылыми - практикалық конференциясының І дәрежелі дипломымен марапатталды. «Үздік педагог -2016» республикалық конкурсының жеңімпазы.


20160926_141414.jpg

26-27.1216 ж. аралығында Варшава қаласында өткен «Сравнительный анализ Европейской системы образования на примере Республики Польша ДЕТСКИЙ САД-ШКОЛА-ВУЗ» атты конференцияға қатысып, «Үздік баяндама» кубігіне ие болды.

17 ақпан 2017 ж. «Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумге қатысты және Ақтөбе қаласы мен облысында оқытушыларға мастер класс өткізді. Сонымен бірге 9-класс оқушыларына химия пәнінен «Металдардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Металдар және олардың қосылыстарының және тірі организмдегі рөлі» тақырыбында ашық сабақ және «Жаратылыстану пәндері оқытуда оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында оқытушыларға коучинг өткізді.

13-14.03.2017г. РҒПО «Ақтөбе Дарын» Айтеке би ауданында  «Дарын күндері » тақырыбында мерекелік іс-шара және сонымен қатар семинар-практикум «Актуальные проблемы при написании научно-исследовательской: оформление и часто встречаемые ошибки» тақырыбында өткізді .


IMG-20170410-WA0010.jpg
IMG-20170410-WA0017.jpg
IMG-20170410-WA0015.jpg

Тізімге кері қайту