Педагогикалық шеберлік орталығы

Пеннер Наталья Александровна

04.04.2017
Пеннер Наталья Александровна, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жұмыс орны: «Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектеп- лицейі » Мемлекеттік мекемесі
Категориясы: жоғары санатты, біліктілігі жоғары деңгейлі маман. 2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясындағы бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын ойдағыдай бітірді.
Педагогикалық өтілі: 32 жыл

Пеннер1.jpg

Білім беру процесін ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарас және үнемі кәсіби шеберлігін арттыру, мұғалімге жеті модуль әдістемесін біріктіру жөнінде деңгейлік курс өту кезінде алған білімдерін іс жүзінде тиімді енгізуге зор мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін қала мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің басшысы бола отырып, Наталья Пеннер туындайтын қиындықтарды еңсеруге көмектесіп, үнемі алған білімдерімен бөліседі.
Жеті модуль тақырыптары бойынша коучингтер өткізу, тәлімгерлікті дамыту, Lesson Study ұйымдастыру және оған жетекшілік ету- оқу-тәрбие процесінің мақсат міндеттерін жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру үшін қажетті мұғалімдердің білім, білік және дағдысының негізгі базасын қалыптастырады.
Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, Ұлыбритания Елшілігі жанындағы Британ Кеңесінің халықаралық жобаларына қатысуы, мұғалім-жаттықтырушыға педагогикалық және жаттықтырушылық қызметінің ауқымын кеңейтуге зор мүмкіндік берді. Мәселен, ЕТТЕ Орталық-Ортаазиялық жобасын іске асыру кезінде, Наталья Пеннер, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 592 мұғалімдерін, оның ішінде Ақтөбе облысынан 482 мұғалімін, 130 жаттықтырушы-әдіскерлерді, оның ішінде Ираннан 5 мұғалім, Қырғыз Республикасынан 5 мұғалім, Өзбекстан Республикасынан- 5 және Ақтөбе облысынан 115 мұғалімдерді оқытып, шығарды. Сонымен қатар, 107 мұғалім-тәлімгерлерді дайындады. 2013 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның көптілділікті енгізу бойынша Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасындағы сарапшысы болып табылады.
2013 жылғы «Оқу бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбы бойынша Израиль Мемлекетінде тағылымдамадан өту үшін Грант алуы, Наталья Пеннерге педагогикалық практикада Британ Кеңесінің электронды ресурстарын қолдану туралы әдістемелік басшылықты құруға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. Әдістемелік құрал еркін қолжетімді сайтында «Өрлеу»БАҰО АҚ. 2015 жылы Қырғыз Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен, Пеннер Н. А., ұқсас әдістемелік құрал құру мақсатында, Қырғыз мектептері мұғалімдері үшін оқыту тренингісін өткізді, және де ол 2015-2016 оқу жылында шығарылды. 2016 жылы сәуір айында ІІ-ші Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде осы жұмысқа 1-ші орын берілді. 2016 жылы 15 сәуір күні Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольді, Бирмингем қаласында өткізілген 50 халықаралық ағылшын тілі мұғалімдерінің конференциясында сөз сөйледі.

Пеннер2.jpg             Пеннер3.jpg                  Пеннер4.jpg


Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Британ Кеңесінің жаттықтырушысы бола отырып, Ақтөбе және Атырау облыстарының пән мұғалімдеріне арналған пәнін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша тренингтер өткізді.

Мұғалімнің басты марапаты- оқушыларының жетістіктері деп ойлайды. Деңгейлік курстарда алған білімдерін қолдану, мұғалімге жетістік жағдайын құруға, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттырып, оларды интеллектуалдық олимп шыңына жетелеуге көмектесті. Мәселен, Александр Гаврилов, Липин Владислав, пәндік олимпиада жүлдегерлері, 2016 жылы АҚШ, Колорадо Университеті мен Канада, Торонто Университеттерін сәтті аяқтады. Джанбурчина Айжан, ағылшын тілі бойынша олимпиада жүлдегері атанды (3-орын), Виттенберг қаласы, Висконсин штаты, АҚШ.

Пеннер5.jpg

Пеннер6.jpg
2009 жылдан бастап, Пеннер Н. А. АҚШ Елшілігінің ACCESS бағдарламасын іске асырудағы грант иегері (әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын ағылшын тіліне оқыту). Жоба балалардың тек қана ағылшын тілінен білімдерін тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар лидерлік қасиеттерін тәрбиелеуге, командада жұмыс жасай білуге бағытталған. ACCESS бағдарламасы «№23 орта мектеп- лицейі» Ақтөбе қаласы ММ базасында жүзеге асырылуда, сонымен қатар, 2016 жылы аталмыш бағдарлама аясында «Үміт» Облыстық сәбилер үйінде және «№23 орта мектеп- лицейі» Ақтөбе қаласы ММ әлеуметтік- аумағын абаттандыруды ұйымдастыру және өткізу үшін 1000 $ көлемінде грант ұтып алынды.
Пеннер Н.А. «Қазақстан Республикасының Құрметті білім қызметкері» атағының иегері, «Үздік педагог - 2012», Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі байқауының қорытындысы бойынша «Үздік ағылшын тілі мұғалімі- 2013», «Ақтөбе облысының жыл адамы - 2015». Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің, Халықтық-Демократиялық «НұрОтан» партиясының, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің жанындағы Британдық Кеңесінің, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің, Санкт-Петербург Инженерлік- Экономикалық Университетінің, Ақтөбе Облыстық Білім Басқармасы Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталған. «Білім берудегі Үздіктер 2017» халықаралық жобасына қатысушы.

Пеннер9.jpg     Пеннер8.jpg



Тізімге кері қайту