Педагогикалық шеберлік орталығы

Қошанов Серік Сүлейменұлы

29.11.2017
Жұмыс орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласының № 17 орта мектеп-гимназиясының биология және химия пәнінің мұғалімі
Санаты: жоғары.
Еңбек өтілі: 14 жыл

«2017 жылдың Үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпазы.
- Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарлама аясында бірінші (ілгері) деңгейлі мұғалімі.
- Қазақстан оқу ассоциациясы RWCT аға тренері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы "Жаратылыстану және биология" пәндерінің тренер мұғалімі.
Серік Сүлейменұлы – заманауи мұғалім. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарлама аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2013 жылы аяқтап, өз алдына жаңа мақсат-міндеттер қойып, жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұрып, өмір талабына сай оқушы тәрбиелеу жолдарын жетілдіріп отырады. Өйткені, оқушыны заман талғамына, сұранысына бейімдеп оқытумен тәрбиелеу – жаңашыл ұстаздың міндеті.
Қарапайым әрі білімді ұстаз жылдар бойғы жинақтаған тәжірибесімен аудан және облыс, республика аумағындағы әріптестерімен бөлісіп отырады.
Биология сабағын өткізу үшін тек қана оқулық, тақта мен бор жеткілікті емес, ең бастысы оқушы қажеттілігін өтей алатын, пәнге қызығушылығын дамыта алатын мұғалім қажет.
Мұғалім сабақтарын түрлендіру арқылы оқушыларын үздіксіз ізденіспен жұмыс жасауына бағыттап отырады. Ойлап шығару, жүзеге асыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, даралап оқыту, сан алуан дамыту ойындарын қолданады, оның жетекшілігімен республикалық байқауларға 6 оқушы, аймақаралық конференцияларға 6, халықаралық конференциялар мен олимпиадаларға 5 оқушы, облыстық байқауларға 14 оқушы қатысып, жоғары нәтижелерге ие болды. Ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерін дайындағаны үшін марапатталды.
Серік оқушыларды сапалы дайындап қана қоймай, сондай-ақ өзін үздік педагог, ұтымды әдіскер, әріптестеріне қолау көрсететін тәлімгер ретінде танытып келеді.
Ұлы ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» – деген қанатты сөздер Серік Сүлейменұлының педагогикалық ұстанымы.


Тізімге кері қайту