Педагогикалық шеберлік орталығы

Сайдикеева Сауле Ильясовна

03.04.2017

Сайдикеева Сауле Ильясовна, ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Сауле1.jpgЖұмыс орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Еңбек өтілі: 28 жыл

Санаты: жоғары

2013 жылы ІІ (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған. Наградалары:  «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» белгісі,  «Қазақстан Респуликасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Білім беру саласының үздігі» атағының иегері,  Сауле5.jpg«Туссон қаласының құрметті азаматы», республикалық «Жаңашыл –мұғалім» сайысының І орын иегері. Сайдикеева Сауле Ильясовна – ағылшын тілінің маманы ретінде оқушылардың шет тілін меңгеруіне шығармашылық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай білім беріп келе жатқан ұстаз. Ол сараланған, терең ойластырылған жүйені берік ұстанады. Сауле Ильясовна-10-11сыныптарға арналған «Ағылшын, неміс, француз тілдері (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептер үшін)», 10-11 сыныптарға арналған «Ағылшын, неміс, француз тілдері (жалпы білім беретін мектептер үшін)»бағдарламаларының авторларының бірі. Халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып жүрген ұстаз. Швецияның Стокгольм қаласында шақырылған білім берудегі инновация мәселесі бойынша бүкілдүниежүзілік форумға қатысып өз іс-тәжірбиесімен бөлісті. Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар және олардың мектептерді дамытудағы ықпалы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарда «Ағылшын тілін ерте жастан үйретудің тиімділіктері» атты тақырыпта баяндама жасап өз ойын республика ұстаздарымен бөлісті. «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру» атты республикалық семинарда  «Hamlet» тақырыбында ашық сабақ берді. Республика ұстаздарына үш тілділік бойынша «Ұлыбритания еліне саяхат» атты тақырыпта (2013) ашық сабақ өтті.  «Көптілді білім берудегі смарт –технология: тәжірибе және болашағы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып жаңа технологияларды меңгере отырып, өз білімін жетілдіріп жүрген ұстаз (2016). 2016 жылы ағылшын, неміс, француз тілі пәні мұғалімдерінің тамыз кеңесінде «Білім  беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы үш тілде білім берудің ерекшеліктері» атты тақырыпта шеберлік сабағын өткізді. 10.02.2015 жылы Париж қаласында шығатын халықаралық «Евроталант» атты журнал беттеріне  оқушыларының «Абай жолы» роман эпопеясының қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары бойынша лексикалық сәйкестіктер» атты ғылыми жұмыстары жарияланды.

Сауле2.jpg   Сауле3.jpg

Сайдикеева Сауле Ильясқызының оқушылары халықаралық және республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Халықаралық – 2015ж –Іорын. Республикалық ғылыми жобаларда: 2013ж-ІІорын, 2014ж-ІІІ орын, 2015ж-ІІорын.  Ал  «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін әртүрлі халықаралық және республикалық сайыстарда 2013 жылдан бері 17 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Сауле4.jpg Сайдикеева Сәуле – әлемдік білім кеңістігіне еркін енген және оқушыларын да әлемдік білім кеңістігінің құндылықтарымен табыстырып, қанықтырып, өз пәні бойынша олардың әлем деңгейіне жетулерін межелеп және оған қол жеткізіп те жүрген ұстаз.


Тізімге кері қайту