Педагогикалық шеберлік орталығы

Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы

04.04.2017

Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы, физика және экономика пәндерінің мұғалімі

Шадиев Кайратбек Хамзаханович.JPGЖұмыс орны: Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясы.

Санаты: жоғары.

Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты.

2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасы аясында бірінші (ілгері) деңгейі курсын, 2016 жылы – «Тәжірибедегі рефлексия» педагог кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсын аяқтады.

Наградалары: «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісі; «Үздік педагог» төсбелгісі (2014ж.), «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі (ҚР «Өрлеу» білім-ғылым технология интернет порталы, 2015ж.), «Үздік маман» төсбелгісі («Мәртебе.кз Республикалық мәдениет және білім порталы» ЖШС, 2016ж.), «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісі (Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы, 2016ж.).

Педагогикалық өтілі: 24 жыл.

Шадиев Қайратбек білім берудің қазіргі заманғы философиясын мейлінше меңгеріп, оны өзінің кредосы етіп ұстанады. Оның педагогикалық кәсіби бет-бейнесінің бағасы оның инновациялық шығармашылық табыстарымен, шәкірттерінің сапалы білімімен және жеке педагогикалық үлгілі тұлғасымен анықталады. Ізденімпаз ұстаз АҚШ-тың Экономикалық Білім беру жөніндегі Ұлттық Кеңестің тренері, «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» бағдарламасы мен «Менеджмент және экономикалық модельдеу», «Титан», «Банктер іс-әрекеттер барысында» Junior Achievement Worldwide халықаралық бағдарламалары бойынша әдіскер-мұғалім.

2013 жылы деңгейлік бағдарламадан өткен соң, ол республика және Алматы қаласы мұғалімдерінің педагогикалық біліктерін инновация тұрғысынан арттыру ісіне үлкен үлес қосып келеді. Мысалы: ҚР ББЖ БҒПҚБАИ ұйымдастыруымен республикадағы мектеп директорларының біліктіліктілігін арттыру курсы шеңберінде «Медиабілім – педагогикадағы жаңа бағыт» атты тақырыпта мастер-класс өткізді (09.04.2014ж.), «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өткен «Физика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» (сертификат, №006, 06-09.01.2014ж.), «Заманауи мектептегі роботехниканың рөлі мен орны» (сертификат, №011, 06-30.04.2015ж.) республикалық оқу-әдістемелік семинарлардың модераторы, «Алматы қаласы педагогтерінің желілік қоғамдастығының кәсіби қолдау» бірінші (ілгері) деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған көшбасшы мұғалімдердің аймақтық форумда «Желілік қоғамдастық арқылы педагогтің кәсіби дамуын жобалау» атты тақырыпта коучинг өткізді (27.11.2015ж.). Сонымен қатар республикалық көлемде онлайн-режимде «Ньютонның ІІ заңын зерделеу» (13.05.2014ж.), «Оңтүстік аймақ білім беру мекемелері басшыларының әдіскер ұстаздармен өзара тәжірибе алмасуы» тақырыбында өткен республикалық семинарда «Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі» (09.04.2016ж.) атты тақырыптарда ашық сабақтар өткізді.

Республиканский конкурс Лучший педагог-2014.JPG

Лучший педагог 2014 года (свидетельство).jpg

Шадиев Қ.Х. өзінің педагогикалық-әдістемелік тәжірибесін ғылыми тұрғыдан жүйелеп, халықаралық және республикалық баспасөз беттерінде жариялап отырады. 2014-2017 жылдар аралығында мұндай мақалалар саны – 26, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда 3 мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ зерттеуші ұстаздың ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу көрсеткіші де жоғары: халықаралық деңгейде – 12, республикалық деңгейде – 5. Сонымен қатар ол ҚР БҒМ 28.08.2015ж. №545 бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-де эксперимент ретінде жүзеге асырылып жатқан «5В011500-Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім беру оқу бағдарламасына сәйкес «Экономикалық теория», «Критериалды бағалау технологиясы», «Экономика негіздерін оқыту әдіснамасы» және «Кәсіби-бағытталған шетел тілі» пәндерінен қазақ және орыс тілдерінде типтік оқу бағдарламаларын әзірледі.

Қайратбек Хамзаханұлы кәсіби конкурстарға да белсенді қатысады. Ол – «Алматының үздік педагогі-2014» байқауының Бас жүлдегері, республикалық «Үздік педагог-2014» байқауының жеңімпазы. 2015 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Үздік ұстаз» тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазы (І орын), «Жаратылыстану-математикалық циклдің Үздік Ұстазы» атанды. Қазақстан ПҒА Президиумының шешімімен Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшелігіне қабылданды. 2016 жылы деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен  педагогтардың арасында өткен «Үздік сындарлы сабақ» атты республикалық конкурсының жүлдегері (ІІІ орын) атанды.

Лучший учитель 2015 года.jpg

Член Академии Педагогических наук Казахстана.jpg

Қ.Х. Шадиевтің инновациялық бейнесі оның шәкірттерінің білімдік және зерттеушілік жетістіктерінің жоғары нәтижелігімен де сипатталады. Ол – оқушылардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етуімен де өзінің шығармашыл ізденімпаз педагог деген имиджін қалыптастырған ұстаз. Соңғы үш жылдың ішінде оқушылардың ғылыми жобалары мен пәндік олимпиадалар сайысында халықаралық деңгейде – 27, республикалық деңгейде – 18 шәкірті жеңімпаз атанды.


Тізімге кері қайту