Педагогикалық шеберлік орталығы

Асанбекова Гулмира Сагатовна

03.04.2017

20160926_144326.jpgЖұмыс орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы  №159 гимназияның тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

Еңбек өтілі: 28 жыл

Санаты: жоғары

 2013 жылы І (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған. 2016 жылы мектеп тренерлерінің «Тәжірибедегі рефлексия» курсын бітірген.«Қазақстан   Республикасының оқу ісінің үздігі»,    «Ы.Алтынсарин» және  «Жаңашыл- педагог» кеуде белгілерінің, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері,  Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының  «Академик» атағын алған педагог. «Үздік педагог-2016» республикалық байқауының жеңімпазы.

IMG-20160926-WA0063.jpg

  Білім беру жүйесінде шығармашылық еңбектерімен көрініп,  оқу-тәрбие  саласына өзіндік үлес қосып келе жатқан ұстаз. Аудандық,  қалалық, республикалық  пән олимпиадаларына  жүлдегер дайындағаны үшін бірнеше рет мақтау қағаздары мен  мадақтамалармен марапатталды. Республикалық жаңашыл ұстаздардың «Microsoft» мектебінің          VCT  жобасы  бойынша ІІІ орын иегері болды. Республикалық  «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері.  Халықаралық адам құқығы мен демократия негіздерін орта мектепте оқытудың әдістері  бойынша өткен 100-ден аса семинар-конференциялар мен тренингтердің қатысушысы әрі жеңімпазы.

Халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми-практикалық конференциялардың DSC_0366.jpgқатысушысы. Республикалық, қалалық педагог кадрларының  білімін көтеру институтының курс тыңдаушыларына практикалық ашық сабақтар мен  «шебер сынып» көрсетіп келе жатқан практик-ұстаз.  «Орта мектепте қоғамдық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік-нұсқаулық жинағы шықты.

2011 жылдан бері   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ақпараттық орталық және ұлттық ғылыми-техникалық «Парасат» холдингімен бірлесе Сандық білім ресурстары/ Цифровые образовательные ресурсы «Қазақстан тарихынан» 10-11 сыныптарға порталға арналған сабақтарға автор болды.

«Қоғамдық білім негіздері» мен «Құқықтану» бойынша бағдарламалар жазды. Республикалық семинарда модератор болды.   «Республика ұстаздары» газетінде,  «Жалпы тарих

және құқықтану мектепте, колледжде, ЖОО» атты журналында бірнеше мақалалары жарияланды. Бірнеше  жылдардан бері қала көлемінде  «онлайн» сабақтар  көрсетіп келеді.  2014 жылы «Г.С.Асанбекованың атаулы мектебін» ұйымдастыру туралы шешім шықты. Сонымен бірге, қала әкімінің сыйақысымен марапатталды. 2016 жылы «Білім берудегі инновация және тәжірибе-уақыт талабы» атты екінші республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңіне қатысып «Орта білім беру» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері (2016 ж. ) болды. Ұстаз көп жылдардан бері ғылыми-практикалық, әрі әдістемелік оқу құралдарын жазуға үзбей қатысты. Ол 54 оқулық пен оқу –әдістемелік құралдардың авторы.

Мұғалімнің 2003 жылдан бері ҰБТ бойынша жетістігі жоғары. Ұстаздың кәсіби конкурстарға қатысуы  да жоғары деңгейде. Олар: «Международный конкурс педагогических проектов 2015 года, диплом ІІ степени»; Всероссийский конкурс педагогического мастерства «Талант педагога-2015 года»; Диплом І место «Лучший учитель 2015 года» Всероссийский педагогический конкурс методических разработок «Педагог –инноватор 2016»,  «Лучшая методическая разработка-2016» ІІ место; Международный конкурс педагогических проектов «Прометей -2016»; «Лучший педагогический проект-2016» І место.20160111_151006.jpg

Гулмира Сагатовна ғылыми ізденетін ұстаз, оған дәлел-ұстаздың ғылыми мақалалары: «Ұлт тағылымы», «Ізденіс/Поиск», «Қазақстан жоғары мектебі», «Учитель Казахстана» және т.б. басылымдарында шықты. Сонымен бірге мұғалім қазіргі заманға сай компьютерлік  білімі жетік және интерактивті тақтада еркін жұмыс істей алатын жаңашыл ұстаз.


Тізімге кері қайту