Педагогикалық шеберлік орталығы

Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Венеция қаласында (Италия) өткен Халықаралық Білім беру Конференциясында «Ең үздік таныстырылым» үшін марапатталды.

23.03.2016

7-ші маусымда доктор Саймон Браунхилл (Кембридж университеті атынан Педагогикалық шеберлік орталығының (әрі қарай-ПШО) тренері) Италияның Венеция қаласында өткен 2016 жылғы Халықаралық Білім беру Конференциясында зерттеу жұмысын ұсынды. Саймон 2014 жылы ПШО –ның тренерлері, Талаш Унгарова мен Айман Бипажановамен бірлесе жүргізген зерттеуінің аса қызықты бөлімінің нәтижелерімен таныстырды. «Бірінші тосқауылдан өту»: Балмұздақ жоңқасы үлгісін қолдану арқылы іс-әрекеттегі зерттеу сұрағын құрастыру деп аталатын жұмысы инновациялық зерттеу сұрағын құрастырудың инновациялық әдісімен танысқан және оларды қолданған ПШО-ның тренерлерінің ойлары мен түйсігін қарастырады. Бұл әдіс мектептерде өткізілетін іс-әрекеттегі зерттеуді дамыту үшін тренерлер мен мұғалімдерге «жақсы» зерттеу сұрақтарын құрастыруға көмектесу мақсатында бағдарлама үшін арнайы жасақталған. Конференцияда таныстырылым ұсынылғына соң делегаттар ең үздік таныстырылым үшін дауыс беруге шақырылды. Талаш пен Айман атынан көрсетілген таныстырылым барлық дауыстың 50%-на ие болды! Қазіргі уақытта аталған зерттеу жұмысы халықаралық Educational Action Research ғылыми журналында жариялануы қарастырылуда.

Конференция веб-сайтына сілтеме: http://www.cluteinstitute.com/education-conferences/2016-international-education-conference-venice-i...








Тізімге кері қайту