Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

2019 ж. 8 қаңтарда Павлодар ауданының Маралды орта мектебінде «Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында аудандық практикалық семинар өтті. Семинар «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалы, Павлодар ауданының Маралды орта мектебі және Павлодар қ. Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының ұйымдастыруымен өтті.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны аясында сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.

Семинардың міндеттері:

- Павлодар ауданында мектептерде қалыптастырушы бағалауды енгізу бойынша педагогтердің тәжірибе алмасу диалогтік алаңын ұйымдастыру;

- Павлодар ауданының педагогтеріне қалыптастырушы бағалауды сапалы енгізу мәселесі бойынша тәжірибелік қолдау көрсету.

Семинар жұмысына Павлодар ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында критериалды бағалау бойынша үйлестірушілердің рөлі туралы баяндама тыңдалып, «Сабақтағы қалыптастырушы бағалау: өзекті мәселелері және мектеп тәжірибесінде қолдану перспективасы» тақырыбында фасилитацияланған сабақ және «Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың Agile/икемді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында тренинг өтті.

Бірлескен талқылау барысында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың мәселелері мен қиындықтары туралы сөз қозғалып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Тренинг барысында сабақта өзін-өзі және өзара бағалаудың түрлі техникалары ұсынылып, Лэпбук (Lapbook) арқылы қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру құралы апробациядан өтті.

Семинар соңында қатысушылар «Коучинг шыршасы» арқылы сындарлы кері байланыс ұсынып, осы іс-шараның маңыздылығы мен пайдасы зор екенін дәлелдеді. 


 11.01.2019     1037

Тізімге кері қайту