Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Қаңтар айының басында сегіз күні бойы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Педагогикалық өлшеулер және Білім беру бағдарламалары орталықтарындағы әріптестерімен бірлесіп тренингтік сессияларды өткізу аясында оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау, бағалау тапсырмаларын құрастыру, орта білім беруде жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу аясында педагогтерге ресурстық қолдау көрсету және оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен пән бойынша жоспарлау тақырыптарын қамту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен бірге, «Жаңартылған оқу мазмұнын енгізу аясындағы саралап оқыту» фасилитация сессиялары аясында семинарға қатысушылар фасилитация сессиясын өткізу форматымен танысып қана қоймай, сонымен бірге саралап оқытуда қолданылатын технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолданудың түсіндіретін сұрақтарға бірлесіп жауаптар іздейді.

         Семинардың ашылуына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының Төрайымы К.Н. Шамшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының Төрайымының орынбасары С.Б. Испусинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарушы директоры О.И. Можаева және Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ж.Ж. Қәбдікәрімова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының тәжірибені тарату бойынша директор орынбасары А.К. Магзумовалар қатысты.


 04.01.2019     693

Тізімге кері қайту