Тренердің жинақ папкасына / cpm.kz

Педагогикалық шеберлік орталығы

Тренердің жинақ папкасына

2016 жылдың 12-желтоқсаны мен 15-желтоқсаны аралығында «Шеврон» компаниясының қолдауымен Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдары қызметкерлеріне «Тренер кәсіп және саналы таңдау ретінде» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқытуды Алматы қаласы «Ренессанс» агенттігінің ең үздік тренерлері Крутских Светлана мен Зиновьева Анна өткізді.

Тренинг бағдарламасы екі негізгі модульді қамтыды:

1)    Тренингінің жүйелі моделі;
2)    Тренингіні құрастырудың әдіснамасы.

Бірінші модульде ересектерді оқытудың принциптері, тренингінің құырлымы мен негізгі әдістері, сонымен қатар топ қарқыны мәселелері қарастырылды. Екінші модуль нақтылы зерделеніп отырған әдістемелер мен жаңа интербелсенді технологияларға қатысты тәжірибелік білімдерді тереңдетуге бағытталды. Олар:

·        Тренингідегі әңгімелер мен метафоралар;
·        Жаңа білім мен дағдының қалыптасу үдерісіндегі шағын-дәріс;
·        Дағдылардың демо-нұсқалары;
·        Фасилитация тәсіл ретінде;
·        «ОРИД» әдістемесі;
·        «Me. We. Us» әдістемесі;
·        «КАЭН/ВР2» әдістемесі.

Тренинг қатысушыларымен алынған ақпаратты бекіту мақсатында «осында және қазір» жағдаятында тәжірибелік жаттығулар, рөлдік және іскерлік ойындар, сонымен қатар дискуссиялар өткізілді. Тренинг қатысушылары жеке, жұпта және де шағын топтарда белсенділікпен жұмыс жасады. Олар жұмыс барысында туындаған идеяларды талқылады, өздерін қызықтырған сұрақтарды көтеріп, қарастырып отырған тренингінің әдістемелері мен технологияларына қатысты қорытындылар жасады, үдеріс пен алынған нәтижелерге негізделе отырып рефлексия жүргізді және де өте қызықты, әрі біртума болған жаттығуларды өздері ойлап тауып, әзірледі. Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдарының он алты тренері өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруға және тренингілерді жоспарлау және өткізу бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге қосымша мүмкіндік алды.


Тізімге кері қайту