Жаңалықтар / cpm.kz

Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстар
18.01.2017
Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстар
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 2017 жылғы 16 қаңтардан бастап 20 сәуірге дейін педагог кадрлардың түрлі санаттарына, атап айтқанда жоо мен гуманитарлық колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдеріне, өңірлік және мектеп тренерлеріне, Республикалық физика-математикалық мектеп мұғалімдеріне арналған орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Аталған мерзімде барлығы 372 тыңдаушы оқиды деп белгіленді.
«Жаңартылған білім беру аясында критериалды  бағалау жүйесін енгізу: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбындағы  облыстық  семинар
16.01.2017
«Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинар
06 қаңтар күні  Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №277 орта мектебінің базасында облыстық білім басқармасы және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесе «Жаңартылған білім беру аясында критериалды  бағалау жүйесін енгізу: тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбында  облыстық  семинар өткізілді.
Тренердің жинақ папкасына
26.12.2016
Тренердің жинақ папкасына
2016 жылдың 12-желтоқсаны мен 15-желтоқсаны аралығында «Шеврон» компаниясының қолдауымен Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдары қызметкерлеріне «Тренер кәсіп және саналы таңдау ретінде» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқытуды Алматы қаласы «Ренессанс» агенттігінің ең үздік тренерлері Крутских Светлана мен Зиновьева Анна өткізді.
Ақтөбе педагогикалық колледж студенттері жаңаша оқып үйренуде
26.12.2016
Ақтөбе педагогикалық колледж студенттері жаңаша оқып үйренуде
2016 жылдың 7 желтоқсанында Педагогикалық шеберлік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білім берудегі өзгеріс-заман талабы» тақырыбында  семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты -  болашақ ұстаздарды даярлауда деңгейлік бағдарламаның  түйінді идеяларын жүзеге асыру бойынша  гуманитарлық колледж және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің  сертификатталған тренерлерінің   тәжірибе алмасуын ұйымдастыру
 «Идея біріктіріп, тәжірибені жетілдіреміз» тақырыбы бойынша бірінші әдістемелік фестиваль
22.12.2016
«Идея біріктіріп, тәжірибені жетілдіреміз» тақырыбы бойынша бірінші әдістемелік фестиваль
2016 жылғы 20 желтоқсанда  Педагогикалық  шеберлік  орталығы мен оның филиалдарының қызметкерлеріне арналған   «Идея біріктіріп, тәжірибені жетілдіреміз» тақырыбы бойынша бірінші әдістемелік фестиваль өтті. Фестиваль Педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлерінің кәсібилігін дамыту мен ынтасын арттыру, озық  тәжірибелерді анықтау мақсатында  өткізілді.
ИДЕЯЛАРДЫ БІРІКТІРЕМІЗ, ТӘЖІРИБЕНІ ЖЕТІЛДІРЕМІЗ
15.12.2016
ИДЕЯЛАРДЫ БІРІКТІРЕМІЗ, ТӘЖІРИБЕНІ ЖЕТІЛДІРЕМІЗ

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудағы жаңа тәсілдер Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдарында тиімді түрде жүзеге асырылады.

Орталық қызметкерлерінің кәсібилігін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында 2016 жылғы 20 желтоқсанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конференц-залында «Идеяларды біріктіреміз, тәжірибені жетілдіреміз» тақырыбына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК ФЕСТИВАЛЬ өткізіледі.

Жаңалықтар 1 - 7 из 81 Начало Конец