Педагогикалық шеберлік орталығы

Ақтөбе қаласында "Физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін пайдалану" тақырыбында семинар өтті

2018 жылдың 14 желтоқсанында Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтөбе қаласындығы филиалының бастамасымен қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін пайдалану" тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты: физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін қолданудағы жаңа әдістертердің ерекшеліктер туралы тәжірибе алмасу.

Семинарға Ақтөбе қаласының 25 мұғалімі қатысты.

Ағылшын тілінде басқа пәндерді оқытудың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған семинар барысында 8-сыныпта " Сонservation of charge. Culombs law "және" To build graphic functions to the table" физика және информатика сабақтары көрсетілді. Сонымен қатар №19 орта мектеп мұғалімдері "Оқу үрдісінде оқытудың жаңа әдістерінің айырмашылығы" тақырыбында ықшам сабақтар ұйымдастырды.

Ағылшын тілі мұғалімдері, коммуникативтік дағдыларды оқыту бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының үш және төрт айлық бағдарламаларының түлектері, TKT CLIL сертификаттарының иегерлері, семинарға өз үлестерін қосты.

Семинардың соңында өткен рефлексия физика және информатика пән мұғалімдерінің CLIL сұрақтары бойынша жұмыс бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдер тәжірибеге бағытталған семинарлардың қажеттілігін атап өтті.


 24.12.2018     1255

Тізімге кері қайту