Педагогикалық шеберлік орталығы

Сабақты зерттеу – шығармашыл мұғалімнің табыс кепілі

2018 жылғы 12 желтоқсанда Шымкент қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Сабақты зерттеу – шығармашыл мұғалімнің табыс кепілі» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаттары:

1. Сабақты зерттеу бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін жинау және тарату;

2. Сабақты зерттеумен айналысатын мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу;

3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Түркістан облысының әкімдігі, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету.

Конференцияға Жетекші мектептердің көшбасшы мұғалімдері мен мектеп тренерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің зерттеуші мұғалімдері, қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық білім Департаментінің мамандары мен әдіскерлері, жетекші мектеп басшылары қатысты.

Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиал тренерлері секциялық жұмыстардың модераторы болды.

Конференцияға облыстың барлық аудандарынан 215-тен астам мұғалім қатысты. Конференция 4 бөлімнен тұрды. Конференцияның бірінші бөлімінде конференцияның қонақтарына ПШО филиалы ұйымдастырған сабақты зерттеу бойынша материалдар көрмесі ұсынылды. Конференцияның екінші бөлімін, пленарлық отырысты, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры К.И. Абдрахманова кіріспе сөзбен ашты. Одан кейін ПШО-ның Шымкент филиалының директоры Ж.С. Калгинбаева «Қазақстандағы Lesson Study» тақырыбында баяндама жасады, қатысушыларға Түркістан облысының және Шымкент қалаларының орта мектептеріне Lesson Study әдісін енгізу туралы сөз қозғалды.

Бұдан соң таныстырылым форматындаТүркістан кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының орынбасары Е.М. Алмаханов пен Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-тәжірибелік жұмыс жөніндегі орынбасары К.М. Әбишева ғылыми-әдістемелік баяндама жасады. Конференцияның пленарлық бөлімінде сөйлеген спикерлердің тақырыптары өзекті болды әрі конференцияның жалпы тақырыбына сәйкес келді. Конференцияның 3-бөлімінде 5 шебер-сынып және 5 коучинг сессия өткізілді, қатысушылар он топқа бөлінді.

Конференцияға қатысушылармен топ жетекшілері, сабақты зерттеу бойынша мектеп мұғалімдері және филиалдың тренерлері белсенді түрде жұмыс істеді. Сабақтар мазмұнды, пайдалы және коучинг пен шебер-сынып форматына сәйкес болды.

Қатысушылар Сабақты зерттеудің кезеңдерін тиімді жоспарлау және өткізу тәжірибелерімен бөлісті.

Мысалы, Шымкенттегі Хамза атындағы №42 орта мектептің директорының орынбасары Нарметова Сайераның сабағында қатысушыларға оқушылардың ынтасын зерттеуге байланысты шығармашылық идеялар ұсынылса, Петросян Алесяның (СЗ бойынша тренер) туралы «Сабақты зерттеу кезінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады?» коучингінде қатысушылармен бірге функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тапсырма құрастырудың тәжірибелік дағдылары талқыланды.

Конференцияның соңғы бөлімінде филиалдың 10 тренері өздеріне бекітілген шығармашылық топтарда «Сабақты зерттеу тәсілінің кезеңдерін қалай тиімді жоспарлау және жүргізуге болады?» тақырыбында дөңгелек үстел форматында конференция нәтижелерін қорытындылады.

Конференция қатысушыларымен кері байланыс жүргізілді, коучингтен және шеберлік сабақтарынан алынған пайдалы тәжірибелер атап өтілді және сабақты зерттеу әдісін енгізуде мұғалімнің тәжірибесін одан әрі жетілдіру үшін түрлі идеялар ұсынылды. Жұмыстың қорытындысы бойынша конференцияның ең белсенді қатысушылары ПШО-ның Шымкент қаласындағы филиалы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Конференция қорытындысы бойынша филиал тренерлері мектептерінде сабақты зерттеуді


 20.12.2018     1361

Тізімге кері қайту