Педагогикалық шеберлік орталығы

«Рухани жаңғыру жағдайындағы педагог келбеті» тақырыбындағы аймақтық конференция

2018 жылдың 8 желтоқсаны күні Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы «Рухани жаңғыру жағдайындағы педагог келбеті» тақырыбында аймақтық конференция өткізді. Конференция Қазақстар Республикасы жалпы орта білім беру мектептерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша озық тәжірибе тарату мақсатында өткізілді. Конференцияда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талдау негізінде ашық диалог алаңы жұмыс істеп, ұстаз мәртебесін насихаттау басты назарда болды.

Конференцияға Алматы, Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының 147 шағын жинақты мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты.

ПШО Алматы қаласы филиалының директоры Б.Қ.Асубаевтың құттықтау сөзі мен тренер Д.Қ.Ибрагимовтың баяндамасынан кейін тәжірибе алмасу мақсатында ПШО тренерлері Ғ.Н. Толықбаеваның басшылығымен «25 кітап, 25 ән», «25 күй», «Әкемнің бір күні», «Анамның бір күні»   тақырыбындағы тәрбие жобалары, А.Б. Бипажанова және Д.Қ. Ибрагимовтың ұйымдастыруымен мектеп директорлары «Құндылықтарға дарыта оқыту», «Рухани жаңғыру пән сабақтарында» тақырыбындағы шеберлік сабақтар өткізді. Конференцияға қатысушылар жұмыс барысын топ ішінде талқылап, инсайттарын ортаға шығарды.

Сонымен бірге, конференция аясында филиалдың аға менеджері, республикаға танымал ұстаз А.Қ.Әлімовтың «Ұстаз... Ізі тұнған ізгілік!» эссе-диалог кітабының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесердің өзегі «Ұстазға құрмет-ұлтқа құрмет» деген сыр-сұхбатқа ұласты.


 20.12.2018     893

Тізімге кері қайту