Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасымен тренерлерді даярлау курсы өз жұмысын бастады / cpm.kz

Педагогикалық шеберлік орталығы

Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасымен тренерлерді даярлау курсы өз жұмысын бастады

05.12.2016

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 2016 жылғы 5 желтоқсанда негізгі және орта мектептер бойынша білім мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасымен тренерлерді даярлау курсы өз жұмысын бастады. Даярлықтан 414 тренер өтетін болады, оның ішінде жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің қатарынан 186 тренер, 185 – «Өрлеу» БАҰО» АҚ профессорлық-оқытушылық құрамынан және 43-і Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері.

Тренерлерді оқыту Педагогикалық шеберлік орталығының мынадай оқу пәндері бойынша әзірлеген біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады: математика, физика, информатика, биология, химия, тарих, география. Бағдарламада орта білім мазмұнын жаңарту және критериалдық бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде пән мұғалімдерін оқыту негізін ұсынатын педагогикалық тәсілдер беріледі.

Бағдарламалардың мақсаты:

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін бағдарламаларды іске асыру бойынша тренерлердің білімі мен дағдысын қалыптастыру.

Бағдарламалардың міндеттері:

1)    жаңартылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының мақсатын, міндетін, құрылымы мен мазмұнын тренерлердің білуі мен түсінуін қалыптастыру;

2)    пән бойынша жаңартылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолданудағы түсінуі мен білуін қамтамасыз ету;

3)    орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын іске асыру кезінде тренерлердің қажетті дағдыларды қалыптастыра білуі.

Курстың ұзақтығы 10 күнді құрайды, оның әрқайсысы күніне екі сағаттық сабақтан төртеуін қамтиды. Сабақты өткізу форматы аудиториялық оқыту («бетпе-бет») түрінде жүргізіле келіп, шағын топтарда одан әрі шағын оқыту түрінде жүзеге асады.

Тыңдаушылар бағдарламаның оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етілді, онда тренерлерді оқыту бағдарламасы, күтілетін нәтижелерге жету деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар, таныстырылымдар мен үлестірме материалдар қамтылған.

Оқытуды Кембридж университеті Білім беру факультетінің сарапшылары оқытқан сертификатталған тренерлер Назарбаев Зияткерлік мектептерінің пән мұғалімдерімен бірлесіп өткізеді.


Тізімге кері қайту