Педагогикалық шеберлік орталығы

«Педагогикалық шеберлік орталығы» Жекеменшік мекемесінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты

«Педагогикалық шеберлік орталығы» Жекеменшік мекемесінің

Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты

1.     Кіріспе

1.1 «Педагогикалық шеберлік орталығы» Жекеменшік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы осы саясаты «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, Жоғары Қамқоршылық кеңестің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына, Мекеме Жарғысына және оның қызметін реттейтін өзге де нормативтік құжатттарға сәйкес әзірленген.

1.2 Мекеменің Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты мекеменің миссиясы мен болашақ көрінісін, стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, оның қызметінің негізін құрайтын қағидалар мен құндылықтарды, білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының біліктілігін арттыру мәселесі бойынша жалпы бағдарды қамтиды.

1.3 Мекеменің Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты мекеменің қосымша білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға, білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының кәсіби дамуының тиімділігін арттыруға, отандық және шетелдік білім беру нарығында Мекеменің жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

1.4 Мекеменің Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаты мекеменің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында қабылданып, мекеме директорының бұйрығымен бекітіледі.

2. Миссиясы

2.1 Үздік отандық және шетелдік педагогикалық теория мен тәжірибені үйлестірген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің инновациялық дамуына ықпал ететін білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған қосымша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

3. Болашақ көрінісі

3.1 Мекеме білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының жүйелі және үздіксіз кәсіби дамуы үшін біліктілікті арттыру курстарының инновациялық және бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын халықаралық деңгейде танылған қосымша білім беру ұйымы болып табылады.

4. Стратегиялық мақсаты

4.1 Білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының жүйелі және үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін білім және ғылым саласындағы жаңа білім мен инновацияны ұсынатын, озық отандық және шетелдік педагогикалық теория мен тәжірибені жинақтап, тарататын жетекші орталық ретінде қызмет атқаратын Мекеменің тиімді моделін қалыптастыру және дамыту.

5. Стратегиялық міндеттері

5.1 Білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының кәсіби біліктілігі мен құзыретінің сапалық тұрғыдан артуын қамтамасыз ету.

5.2 Білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының кәсіби даму үдерісін ғылыми және әдіснамалық, инновациялық оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

5.3 Еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуде жоғары тиімділік пен мен сапаға қол жеткізуге ықпал ету.

5.4 Білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының кәсіби қоғамдастықтарының қалыптасуы және үздіксіз қызмет етуі.

5.5 Білім беру ұйымдарының педагог кадрлары мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша ұлттық және халықаралық деңгейде тиімді, сапалы және бәсекеге қабілетті білім беру қызметін көрсету.

5.6 Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Мекеменің педагогикалық іс-тәжірибесін Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің тәжірибесіне енгізудің ұйымдастырушылық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуін жетілдіру.

5.7 Білім және ғылым саласындағы танымал және беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру және нығайту.

6. Қызметтің негізгі қағидалары және құндылықтары

6.1 Мекеме өз қызметінде келесі қағидаларды басшылыққа алады:

1) заңдылық

Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен Мекеменің Жарғысына қатаң сәйкестікте жүзеге асырады;

2) патриоттық                       

Мекеменің тыңдаушылары мен қызметкерлерінің қазақстандық қоғамның, заманауи өркениетті мемлекеттің игілігі үшін қызмет етуі;

3) толеранттылық

ұлтына, жынысына, азаматтығына, әлеуметтік мәртебесі мен физикалық жағдайына қарамастан барлығына ашықтық;

4) теңдік

шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тұрғылықты жеріне немесе басқа кез келген жағдайларға қарамастан тең жағдайды қамтамасыз ету;

5) ашықтық

Мекеме мемлекеттік немесе басқа заңмен қорғалатын құпияны есептемегенде, өзінің қызметі туралы, оның ішінде қаржылық жағдайы және Мекемені басқару құрылымы туралы барлық мүдделі тұлғаларды еркін қолжетімді болатын сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді;

біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тренерлер құрамын дайындау және олардың біліктілігін арттыру, курста оқыту мен курстан кейінгі қолдауға мониторингілік зерттеулер жүргізу кезінде ашықтық пен айқындықтың сақталуы;

6) академиялық еркіндік

білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асыру түрлері мен әдістемесін, ғылыми зерттеулерді жүргізу бағыттарын таңдау мен дайындауда Мекеменің дербестігі;

7) білім беру, ғылым мен тәжірибені кіріктіру

білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің ғылым мен тәжірибемен біртұтастығы, ғылыми ұйымдармен және кәсіпкерлікпен стратегиялық серіктестікті қамтамасыз ету;

8) инновациялық

әрдайым жаңа үлгілерді, әдістер мен технологияларды пайдалануға ұмтылу, жаңа білім мен ақпаратты қабылдауға дайын болу;

9) дербестік және өзін-өзі басқару

Мекеменің қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқару, шешім қабылдау дербестігі мен еркіндігі, қоғам алдындағы жауапкершілігі мен есептілігімен қатар өз құзыретіндегі мәселелерді шешудегі дербестігі;

10) шешім қабылдаудағы алқаластық

Мекеменің қызметіне қатысты шешімдерді қабылдау;

11) әлеуметтік жауапкершілік және айқындық

қоғамның ахуалын жақсарту мақсатында Мекеменің әлеуметтік маңызды жобаларға қатысуы, өз қызметінің бағыты бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі;

біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын тәуелсіз сыртқы бағалауды қамтамасыз ету.

6.2 Мекеме қызметінің негізін құрайтын құндылықтар:

1)       патриоттық, ұжымға адалдық және толеранттылық;

2)       заңдылық, әлеуметтік әділдік және жауапкершілік;

3)       ұжымдық рух және бөлінген көшбасшылық;

4)       инновациялық, ғылымилық және тәжірибеге бағдарлану;

5)       қызметтің ашықтығы мен айқындығы;

6)       өзара әрекеттестік, ынтымақтастық және әріптестік;

7)       білім беру, ғылым және тәжірибені кіріктіру.

6.3 Мекеменің әкімшілік-басқару аппараты, қызметкерлері мен тыңдаушылары Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаттың қағидаларын ұстанады, ғылым, білім беру мен тәжірибенің шынайы ықпалдасуына атсалысады және олардың жүзеге асырылуы үшін жауапты болып табылады.